|
Сабақтың мақсаты: Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру
|
Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 10,31 Mb. | | #13410 | түрі | Сабақ |
| . - Сабақтың мақсаты:
- 1.Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
- 2. Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру.
-
- 3. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу
- 4. Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта. Слайдтар. Құстың ұясы
- Сабақтың барысы
- 1.Ұйымдастыру кезеңі:
- 2. Сабақтың барысы.
- 3. Кіріспе бөлімі. (Психологиялық дайындық)
-
- Жаңбыр, жаңбыр, жауасың
- Жанымызға дауасың.
- Біз ойнайтын ауланың,
- Тазартасын ауасын.
- Ендеше сол таза уамен демалып көрейік (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды).
- - Құрметті ұстаздар, оқушылар. Хош келдіңіздер! «Құстар - біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Қарлығаш - киелі құс.Оның құйрығы айыр сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады. Қарлығаш үй маңында ұя салады.
- Ауламызға бау бүрлеп,
- Шешек атып жайнайды.
- Ақ тамағы бүлкілдеп
- Қарлығаштар сайрайды.
- Балалар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Құстарға байланысты өлеңдер айту
-
- Құс келді,
- Қар,су болып жөнелді.
- Бүршік атып бар ағаш
- Келіп көктем құстары
- Бау-бақшада ән салды.
- Оларды жас достары
- Ұя жасап қарсы алды.
- «Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесіңдер?
- Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя жасау,
- Ағашты қорғап, зиянкестерді асау
- -Дәрігермін орманда
- Құрт, шіркей көп ол маңда
- Тоқылдатып жатпаймын
- Торғайларды баптаймын.
-
- - Орманда жоғары
- Ағашқа қонады.
- Тұмсығын балға қып
- Тоқ – тоқ соғады.
-
- Тоқылдақ - орман құсы, Ол орманда өмір сүреді.Тоқылдақ ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды.Оны – орман дәрігері дейді.
- -Үйректі
- Жүзуге кім үйретті
- Аулада Жүргізуді ол сиретті
- Күн шыққан кезеңде
- Қашады өзенге
- Тереңге сүңгиді,
- Лайсанда жүгіріп
- Кір болу – мін дейді
- Тауықтар — ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі.
- Мысық құлақты,
- Бүркіт тұяқты
- -Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.
- Биікке самғайды,
- Бірақ ізі қалмайды
- Бүркіт – дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс
- -Тотықұсты өте әдемі құс. Тотықұста үшінші аяқ бар. Ол оның бұтадан бұтаға ауысуына көмек береді.
- Құстарға байланысты жұмбақтар айтып шешу.
-
- -Шарлап келіп даланы,
- Үйіме үйін салады
-
- Қайталап атымды
- Көктемде ән саламын
- Кез-келген ұяға
- Жұмыртқа табамын
- Балалар құстарға
- әрдайым қамқор болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|