Сабақтың номері: 30 Мамандық: Біліктілік



бет1/4
Дата10.05.2022
өлшемі105,54 Kb.
#33938
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
11-19.-03




САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

1

Топ:

11ВТ

Сабақтың номері:

30

Мамандық:

Біліктілік:




1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

1304012 «Санды ақпаратты қайта өңдеу маманы»




Модульдің атауы:


001 Жалпы білім беру

Сабақтың тақырыбы:

Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары.

Күні:

«19» наурыз 2020ж.


Ұзақтығы:

1сағат 30 мин

(90 минут)



Өткізу орны:

№ 302дәрісхана

Сабақтың мақсаты:


Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » ,«Қыран дала» поэмаларына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, білім алушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.


Сабақтың міндеттері:


1) Поэмалардың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.

2) білім алушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету. 3) өз бетінше ізденуге баулу.




Күтілетін нәтижелер:


Білім алушыларға шығармаларды жан-жақты талдау арқылы білім алушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру

Сабақтың түрі:


Аралас

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника,

педагогикалық технологиялар:



түсіндіру,ой-қозғау, сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмаларды орындау.


Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

Интербелсенді тақта, дидактикалық материалдар, бейне материал, слайд, стикер, қиындылар оқулық,слайдтар,кесте

Қосымша көздер (әдебиеттер)

1. (О-3) «Қазақ әдебиеті» 11 сынып Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым Алматы «Мектеп» 2015жыл

2. (О-5) «Қазақ әдебиеті» Хрестоматия 11 сынып Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым Алматы «Мектеп» 2015жыл




Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә. : Даниярова Ғ.Қ.

Тел.: +7 7477498100

E-mail:





САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ

Сабақтың барысы

Уақыт

(мин)


Оқытушының әрекеттері

Білім алушылардың әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1.Ұйымдастыру кезеңі

3


1.Салемдесу, сабақ басталуын ұйымдастыру.

2. Журнал толтыру

3. Білім алушылардың сабаққа қатынасуын тексеру.


1.Оқытушымен сәлемдеседі

2. Кезекші есеп береді

3. Жұмыс орнын дайындайды

.


Топтың журналы

2. Өткен тақырыпты қайталау


15

1. Сұрақ-жауап әдісі:

Үйге берілген тапсырма бойынша Жалғастыру әдісі арқылы Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесін мазмұндау.

2. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бер.

3. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жаса.




1. Қойылған сұрақтарға жауап береді.




3.Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындау


5

Бейнефильм көрсетіледі.

Ерболат Құдайбергенов «Мен қазақпын». Сұрақ: Бұл кімнің шығармасы және тақырыбы, орындаушысы кім? Ендеше, сабақтың тақырыбы: Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары.

Сабақтың эпиграфы:

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім,

Ойлағам шалалықты кешер деп кім?

Қағазға қалдыруға асығыппын

Көңілдің қуанышын, кесел дертін».

Ж.Молдағалиев





Қойылған сұраққа жауап береді.




4. Жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру


40


Жұбан Молдағалиевтың өмірбаяны, шығармалары

«Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары, тақырыбы мен сюжеттік даму ерекшелігі.




1. Жаңа тақырыпты «визуалды және есту» арқылы мұқият тыңдайды.

2. Конспект жазады




Слайд, бейне ролик

5. Жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды бекіту



15

«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

«Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмаларынан үзінді оқу, талдау



Білім алушылар сұрақтарға жауап береді.




6.Білімді жалпыландыру, білім алушылардың білімдерін бақылау және өзіндік бақылау

5

«Кім жылдам» ойыны

  • Жұбан Молдағалиев қай жылы дүниеге келді?

  • Жұбан Молдағалиев қай жерде білім алды?

  • Ақынның кітабы қалай аталады?

  • Жұбан Молдағалиевтың қазақ әдебиетіндегі орны?

  • Жұбан Молдағалиевтың алғашқы шығармалары қандай тақырыпқа арналған?

Тест сұрақтарынан жауап беру..

Берілген анықтамалардың дұрыс немесе бұрыс екендігін сұрақтарға жауап беру арқылы анықтайды

Интербел-сенді тақта

7. Үй тапсырмасы

2

(О-3)188б Поэмадан үзінді жаттау. «Менің елім – мәңгілік ел» тақырыбында эссе жазу.

Үй жұмысын жазып алады

Жұмыс дәптері

8.Сабақты қорытындылау және рефлексия


5

« Сандар сөйлейді» әдісін қолданып, алдарыңда тұрған стикерлерге сұрақ жазып, мына талдың жапырағын толтырамыз.

2. Құралған жапырақты бір-бірлеп алып, топқа сұрақ қоямыз.




1.Білім алушылар назарын экранға аударады.

2. Өз ойын еркін баяндайды.



стикер




































Сабақ эпиграфы :

«Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.».

Ж. Молдағалиев.

1920ж.5 қыркүйек Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.

1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.

1940-1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.

1947 ж. «Қызыл галстук» дастаның жазған.

1948-1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады.

1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.

1950-1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.

1953-1954 ж. 1963-1971 ж. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы болады.

1957 ж. «Дала дастарқаны» дастаны бір кеште жазылып, «Қазақ әдебиеті» газетінің мерекелік санында жарияланады.

1958 ж. «Жыр туралы жыр», «Қиял қанаты» дастандары жазылады.

1958-1965 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болады.

1979-1988 ж. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болады.

1969-1970 ж. «Кісен ашқан», «Сел» дастандары үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.

1978 ж. «Қыран дала» дастаны Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады.

1984-1985 ж. КСРО қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты атанады.

А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленеді.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болады.

Ақынның туған жеріне ескерткіш орнатылады.

Орал қаласындағы № 2 орта мектеп, облыстық кітапхана Жұбан Молдағалиевтің атымен аталады.

1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.

1987 ж. Ақын қайтыс болады.

2000 ж. Облыстық кітапхана жанындағы гүлбаққа Жұбан Молдағалиев аты беріліп, оның ескерткіші орнатылды, бұл гүлбақ Жұбан оқуларын жыл сайын өткізетін орынға айналған.

2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

«Мен қазақпын» поэмаға толық композициялық талдау жасасақ:

Авторы: Ж.Молдағалиев



Поэманың тақырыбы: еліне, жеріне, өз ұлтына деген сүйіспеншілік.

Идеясы: өз ұлтын сүю, ұлтшылдық емес, ұлтжандылық .

Басталуы: бесіктегі пәк сәби ұлт

Дамуы: «Ақтабан шұбырынды»

Байланысуы: Россия Адамы. Дала мұңы.

Шиеленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес

Шарықтау шегі: Бесжылдықтар белесі

Шешімі: байтақ ел азаматы

Поэманың жанры: Лирика-публицистикалық стиль

Қазақ халқының өткен өмірі, тағдыры жайлы үлкен толғаныс жасады. Ол қазақтың ұлттық характеріні қалыптасу жолы – оның ерлік дәстүрі, рухының жоғарылығы, елі мен жері, байлығы, адамдары жайлы бейнелі, пафосты жыр төкті.


Мұғалім сөзі ; «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман :

Мен – ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында

«Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз,бір халықпыз»

«Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.»

Жұбан Молдағалиев өмірі және шығармашылығы. «Мен — қазақпын» поэмасы

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.



Өлең құрылымы

1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

3 бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең, шұбыртпалы ұйқас.

5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

6 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

7 бөлім 45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

8 бөлім 44 шумақ 176 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

9 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

10 бөлім 29 шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы талдау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет