9 сынып Қазақстан тарихы Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты: Оқушыларды өз бетімен желтоқсан жайлы мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның
маңыздылығын, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Желтоқсан
оқиғасының аз таныс жағын көрсете білуге, оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу. Өз отанының батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге,
топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, суреттер
Сабақ түрі: Зерттеу сабақ
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі / сыныпты топтарға алдын ала бөлу
1-топ-тарихшылар, 2-топ- саясаткерлер, 3-топ- дәрігерлер, 4-топ- куәгерлер, 5-топ-әдебиетшілер,
6-топ- сарапшылар. Топтар өздеріне тиесілі тапсырмалар мен мұғалім нұсқауын алдын – ала
жинақтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып кетеді. Оқушылыр біз
бүгін тарих сабағында Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны
өарастырғалы отырмыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған,
өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 2986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы
қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға
барған жастар оларды азаптап, соққыға салатындықтарын, оларға «ұлтшыл» деген атақ
беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық
азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне
сіздер өздеріңіз осы жөнінде ойларыңызды ортаға салсаңыздар:
Қазақ жастарын қандай күш айдап барды?
1986 жылыдың 17-18 желтоқсанында Аламаты қаласының Брежнев алаңына шыққан
жастардың ұрандары мен талаптары.
Қазақ жастары осы күнде қандай қианат, қиындықтар көрді?
Желтоқсан құрбандары және оның тағдырлары не болды?
Шетел өкілдерінің желтоқсан оқиғасына байланысты Горбачевқа жазған хаты…
Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай? – деген сұраққа өздеріңіз тапқан
жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын.