Сабақтың тақырыбы: «Дала дауылы»



Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#73573
түріСабақ
Байланысты:
mass culture


Сабақтың тақырыбы: «Дала дауылы» Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.
Тәрбиелік: Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Топтық,жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, видео, К. Қасымұлы суреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу
Хан болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды әруағы өзге жүзге
. Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты
, Жарамас шөп салуға басқан ізге

- Бұл өлең жолдарында кім туралы айтылған?


- Кенесары хан туралы
«Ұлт санасын оятқан тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар?
Оқушылар сұраққа мәлімет береді.
Оқушыларға видео көрсету.
Видеодан көрінген мәліметтерге талдау жасау,Кенесары Қасымұлы туралы толық мәлімет беру. Кенесары Қасымглы бастаған көтеріліс бойынша оқушыларға мәлімет беру (слайд бойынша)
«Суреттегі сыр» айдары
Бұл кезеңде Кенесары суретіндегі сырды ашады.
Тұлғаның тарихи портетін талдау тапсырмасы тақырып толық игеріліп, қорытындылау кезінде орындау ұйымдастырылады. Оқушылар мұғалімнің қалауы бойынша тапсырманы жазбаша немесе ауызша орындай алады. 
Кері байланыс мұғалім тарапынан беріледі.
Тұлғаның өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама;
Тұлғаның өмір сүрген ортасы;
Қоғамда алатын орны, іс-әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;
Адами қасиеті, ерекшеліктері;
Тұлғаға тарихи баға беріп қорытындылау;
Тұлға туралы оқушы пікірі, көзқарасы.
Дескрипторы:
- Кенесары өмір сүрген дәуірді сипаттайды;
- Тұлғаның өмір сүрген ортасын анықтайды;
- Қоғамда алатын орнын, тұлға ретіндегі іс-әрекетін талдайды;
- Адами қасиеті мен ерекшеліктерін анықтайды;
- Тұлғаға тарихи баға беріп, қорытындылайды;
- Тұлға туралы пікірі мен көзқарасын ұсынады.

Оқушыларға интерактивті тақтадан Кенесары Қасымұлының суреті көрсетіледі. Сол суретке қарап оқушылар топтық жұмыс арқылы мінездеме береді.
Сергіту сәті “Белгісіз басшы”
Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек.
Сыртқа шығатын қатысушыны Спиннер әдісі арқылы таңдау.

«Хат қоржынынан» әдісі
3 топқа Кенесары жазған хаттарынан үзінді жазылған конверт таратылады. Оқушылар хаттағы жазылған үзіндіні жалғастырып толықтырады.
1-топ
Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта, — — халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оған басқа да түрлі таршылық- тар жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып Сіздің төменгі қарауыңыздағы бас-шыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш рахатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын»
2-топ
Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».
3-топ
Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын. Сол себептен де біз ең алдымен хатымызды жолдадық, егер келіспесеңіздер Абылай хан атамның жерін қорғауға дайынмын”
Сабақты қорытындылау. “Спиннер әдісі арқылы”
Оқушыларға интерактивті тақтадан спиннер көрсетіледі. Әр спииннердің астында сабаққа қатысты сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға кезек кезек жауап береді.
Сұрақтар:

  1. Кенесары Қасымұлы қай жылы дүниеге келді

  2. Кенесары Қасымұлы кімнің немересі?

  3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерңліс қай жылдары болды?

  4. Кенесары Қасымұлы кімге хат жазды?

  5. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай аймақты қамтыды?

  6. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс себебі?

  7. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс мақсаты?

  8. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістен жеңілу себебі қандай?

Кері байланыс
Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген оқушылар өз стикерлерін жасыл түстің тұсына «Мен орташа түсіндім» деген оқушылар сары түстің тұсына, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген оқушылар қызыл түстің тұсына стикерлерін жапсырады.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет