Тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары» Пән аты: Қолданбалы информатика Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары» а) білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.
ә) дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға,ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірмелі-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Оқу құралдары, компьютер,проектор, жылжымалы тақта,карточка
Жаңа сабақты түсіндіру: 15 мин
ДК - сыртқы құрылғылары Мына суретте ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы келтірілген.
6-сурет. ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы
Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар.
Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді Олар үлкен ЭЕМ-дер, мини ЭЕМ-дер,
микро ЭЕМ-дер, дербес компьютерлер
Үлкен ЭЕМ-дер өте қуатты компьютерлер, кәсіпорындарға, немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады.Микро ЭЕМ-дер өнімділігі өте үлкен
ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Мини ЭЕМ-дер өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Олар өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде,ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін
ЖОО-да қолданылады. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқындап дамып келеді. Олар “пайдаланушы” деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған.