Сабақтың тақырыбы: Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)



Дата07.12.2022
өлшемі18,04 Kb.
#55726
түріСабақ
Байланысты:
Музыка пәнінен сыныптан тыс іс-шара "Ән жұмбақ"


Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ
Сыныптан тыс іс-шара
Музыка пәні мұғалімі: Башеева А.А.


Сабақтың тақырыбы: Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту,шығармашылығын дамыту, сөздік қорларын байыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар.
«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Бүгінгі сайысымызға қатысушы 5«ә» және 6 «ә1» сынып оқушылары.
I – топ (5 бала)
II – топ (5 бала)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.
1 Топтың аты: Бұлбұл
Ұраны: Құстар өте тамаша
Жерімізге келеді
Дауыстары тамаша
Бұлбұлда енді келеді.
2. Топтың аты: Жұлдыз
Ұраны: Жулдыз тобы боламыз
Шыркап әндер саламыз
Бул күлкі ойында 
Біз жеңіп шығамыз
-Бәрекелді балалар, ал енді сайысымызды бастайық.
1- айналым: «Музыкалық ұяшық» сайысы.
Ережесі:
-Балалар 6 ұяшық берілген, осы ұяшықтың біреуін таңдайсыздар.Мұнда алты тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде әннің музыкасын тапса - 1ұпай. мен музыкасын қоямын сендер әнді табасыңдар.
1. Ана туралы ән (Анаға сәлем)
2. Туған жер (Саржайлау)
3.Мектебім (И.Дәрібаев)
4.Төл атауы (Қошақаным)
5.Құстар (Құстар әні)
6. Халық әндері (Бипыл)
Алғашқы айналым өз мәресіне жетті.


2 – айналым: «Суреттеу арқылы әнді табу».

  1. Ол өте биік, шыңына қарасаң көзің жетпейді. «Алатау»

  2. Жап-жасыл кілемде ойнаймын, күлемін. (Атамекен)

  3. Оны көп іздеп жүрмін, сыр бойын шарлап жүрмін. (Арыс жағасында)

  4. Асығып жетіп, бақыт әкелген, шуағын төккен. (Атамекен)

  5. Жабыққан сәтте жаныңды ұғатын, қасыңда болатын...(Достарым)

  6. Оның сәулесі суда дірілдейді...(Желсіз түнде жарық ай)



3- айналым: «Ән жазайық өзіміз»- сайысы
Тірек сөздері беріледі, соларды қатыстырып өлең шығарады.
I.Топ
Наурыз, еліме, келді,жеріме, бақыт, еліне.
(Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне)
II.Топ
Ойнайық, тойлайық, наурыз тойы, жайнайық.
(Кел, балалар, ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық)


4-айналым «Пародия жасау». ( әр сыныптан оқушы ортаға шыққан соң кімге пародия жасайтынын біледі) 6ә1 сынып: Кеш-Ю «Сәлем саған туған ел»
5ә сынып: Қайрат Нұртас және Нюша «Алматының түндері ай»


5-айналым. «Әріп пен ән» сайысы
Екі топ
Ережесі: Алдымен екі топқа да 2 - әріп беріледі. Сол әріптен басталып, әндер сөздерін айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп (Уақыты 3 минут) қай топ көп әннің сөзін айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.
Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет.


6- айналым. «Мақал – мәтел» сайысы. Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, ата-ана, еңбек, білім, өнер).
Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жарыса жауап берді.
7- айналым. «Жұмбақ» сайысы
1.Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? (Қобыз)
2.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?(Жетіген)
3.
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. Сыбызғы
4. Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі. Нота
5. Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.
6.Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол... (дирижер)


8- айналым « Музыкалық аспаптар»
Музыкалық аспаптардың атауын жаз (2-топ музыкалық аспаптардың атауын жазады)

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау:
Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыз, сау болыңыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет