Күні: айы: сынып: нешінші сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары;
Мақсаты:
а)білімділік:Газ заңдары деген не?Олардың қандай ерекшелігі бар және газ заңдарын есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру,дұрыстығына көз жеткізу;
ә)дамытушылық:МКТ-ның негізгі теңдеуі Менделеев-Клайперон теңдеуін қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын дамыту;
б)тәрбиелік : оқушыларды сауатты азамат болуға еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құраладар: компьютер, интерактивті тақта,проектор, оқулықтар,есептер жинағы,электронды оқулық сынып 10 сынып,ғалымдар өмірбаяны.
Сабақтың түрі: аралас,демонстрациялық .
Пән аралық байланыс: математика,химия, информатика.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жаңа сабақты түсіндіру.
3.Жаңа сабақты бекіту.
4.Үй тапсырмасын сұрау.
5.Үйге тапсырма беру
6.Бағалау
1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу
2. Жаңа сабақты түсіндіру:
Газдағы процесстер және газ заңдары:
Параметрлерінің бірінің шамасы өзгеріссіз өтетін процестерді изопроцестер деп атайды.Газдың үшінші параметрі тұрақты болған кездегі екі параметрі арасындағы мөлшерлік байланысты (тәуелділікті) газ заңдары деп атайды.
Идеал газ күйінің теңдеуіне сүйеніп изопроцестердің негізгі түрлерінің физикалық құбылыстарын қарастырайық.
Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изотермалық процесс деп атайды.Бұл процесс Бойль-Мариотт заңмен жазылады:
PV=const
Газ температурасының тұрақты ұстау үшін, оның температурасын өзгертпейтіндей етіп жылуалмасып тұратын жүйе- термостат қажет.Әйтпесе,газ сығылғанда немесе созылғанда оның температурасының өзгерісі елеулі.Изотермиялық процестің (P,V) жазықтығындағы графигі, изотерма деп аталатын,гиперболаны береді .
Қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изобарлық процесс деп атайды.Егер ыдыста газ қысымы тұрақты болуы үшін ,оның қабырғалары жылжымалы (қозғалмалы) болуы керек. Изобарлық процестің (V,T) жазықтығындағы графигі,изобара деп аталатын,түзу сызықты береді (1.10-сурет)
V
V/T=const
O T
1.10-сурет
Көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изохоралық процесс деп атайды.Егер газ герметикалық ыдыста болса, онда газ көлемі тұрақты болады.Изохоралық процестің (P,T) жазықтығындағы графигі,изохора деп аталатын, түзу сызықты береді (1.11-сурет)
P P/T=const
O T
Ғалымдыр өмірбаяны:
Гей-Люссак заңы- негізгі заңдардың бірі.Гей-Люссак заңы бойынша берілген газ массасының көлемі тұрақты кезінде температураға сызықты тәуелді Vt, мұндағы V0 және Vt- бастапқы және соңғы температуралар aV0 (1+= болып өзгереді:Vt кезіндегі газдың сәйкес V-газдың тұрақты қысым кезіндегі a көлемдері,t-осы температуралардың айырмасы,жылулық ұлғаю коэффиценті (ол барлық газ үшін шамамен 1/273,15 К-1).
Гей-Люссак заңы тек идеал газдар үшін дәл орындалады.Ал нақты (реал)газдар бұл заңға температура мен қысымның кризистік мәндерінен алыс мәндерінде ғана бағынады.Гей-Люссак заңы Клайперон теңдеуінің дербес жағдайы болып есептеледі.Бұл заңды 1802ж. француз ғалымы Ж.Л.Гей-Люссак (1778-1850) ашқан.
3. Жаңа сабақты бекіту:
1.Изопроцесстер дегеніміз не?
2.Бойль-Мариотт заңы қалай анықталады?
3.Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процессі қалай аталады?
4.PV=const кімнің заңы?
5.Газдағы процесстерді нешеге бөлуге болады?
4.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Менделеев Клайперон теңдеуі қалай жазылады?
2.Молекулалар концентрациясы деген не?
5.Үйге тапсырма беру:
6.Қорытындылап баға қою:
Әр оқушыға сабаққа қатысып отыруына байланысты тиісті бағаларын қоямын.
Достарыңызбен бөлісу: |