Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мектепте сабақта және сабақтан тыс уақытта берілген тапсырмаларды орындау барысында ақпарат іздеп, интернетті сан рет ашуға тура келеді. Интернеттегі авторлық құқық мәселесі-өте күрделі мәселе. Интернет кеңістігінде ақпарат еркін таратылғанымен, онда жарияланған ақпараттың бәрін еркін пайдалануға болмайды. Интернет сайттарындағы әрбір әдемі сурет, қызықты мақала, ән, музыка, кино немесе басқа да жарияланған өнер туындыларының авторы бар. Интернет әлемінде авторлық құқықты қорғау шынайы өмірдегідей жүзеге асырылады. Сайттарда жарияланған мәтіндер мен суреттер авторлық құқық туралы заңға сәйкес қорғалады.
Сілтеме жасамай пайдаланған ақпаратты «плагиат» деп атайды. Плагиат басқа автордың әдеби, ғылыми туындысын немесе жазған еңбегінен үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану. Басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады.
Интернеттегі ақпарат автор құқығын бұзбай қолдану үшін:
авторлық құқық белгісін қою;
дереккөзді көрсету;
ақпарат орналасқан түпнұсқа сайтқа тікелей сілтеме беру керек.
Кейбір материалдарға авторлық құқық жүрмейді. Оларды еркін пайдалануға болады:
ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік және сот сипатындағы басқа мәтіндер), сондай ақ олардың ресми аудармалары;
мемлекеттік рәміздер мен белгілер (ту, эмблема, орден, банкнот және т.б.);
халық өнерінің туындылары;
ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар;
қысқаша атаулар мен ұрандар жатады.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма.
-Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қаншалықты пайдаланасың?
-Не себепті интернеттен алынған ақпаратқа сілтеме жасау керек?
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық § 5.3, 109-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы.
3-тапсырма.
«Интернеттен ақпаратты заңсыз көшіріп алу» деген не?
|
Мұғалімді тыңдайды
«Плагиат» анықтамасын дәптерге жазады
1-тапсырманы орындайды
Дексриптор:
-интернеттен алынған ақпаратты қаншалықты пайдаланатының түсіндіреді;
-Интернеттен алынған ақпаратқа сілтеме жасауға себептерін атап шығады.
Дескриптор:
-браузермен жұмыс істей алады;
-ақпаратты табу үшін табу батырмасын пайдаланады;
-сайттардан ақпаратты көшіреді, сақтайды.
Дескриптор:
-интернеттен ақпаратты заңсыз көшіру туралы түсінік береді
|
Стикер
2 балл
Стикер
3 балл
Стикер
2 балл
|
Интербелсенді тақта/ компьютер
Жұмыс дәптері
Карточка
Оқулық
Жұмыс дәптер
|