Сабақтың тақырыбы: «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы Оқу мақсаты



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі443,16 Kb.
#115214
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
11 сабақ. Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы


Мұғалімнің аты-жөні:

Каражанова Бахыт Малдыбековна

Пән/Сынып:

Қазақстан тарихы, 9 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)

Сабақтың тақырыбы:

«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

Оқу мақсаты

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Бағалау критерийі:

  • «Жылымық» кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін анықтайды.

  • қоғамдық-саяси дамудағы өзгерістерді талдайды. .



Саралап оқыту тапсырмалары

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушы

Баға лау

Ресурстар




3 минут

Ұйымдастыру

Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Нені меңгергенін білу үшін




Презентация № 1-3 бет






15
минут

5 минут




Жаңа сабақ



Сабақтың барысы.

Кімді таныдыңыздар?
И. Сталин қайтыс болғаннан кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды. Н.Хрущев билік еткен жылдар (1953 -1964) тарихта « жылымық кезеңі» деп аталады.

  • Жылымық - И.Сталин дәуіріндегі тоталитарлық

саясаттан ішінара ауытқуымен сипатталған КСРО тарихындағы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 60 жылдарына дейінгі жалғасқан кезеңнің бейресми атауы.

  • Съезд - қоғамдық ұйымның, саяси партияның, әлеуметтік, кәсіби, ұлттық немесе басқа топ өкілдерінің жиналысы.

  • Каторгалық жұмыстар- жазаланғандарды ауыр қара жұмысқа салып жазалаудың айрықша түрі


Бүгінгі тақырыпқа байланысты 1954-1964 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін» айқындайтын бейнематериалға назар аударыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=nDqDBsHXdS8
Бұл кезеңде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды.

Енді жылымық кезеңіндегі басты өзгерістерге тоқталсақ.




1954 жыл

1955 жыл

1956 жыл

1957 жыл

1958 жыл

1959 жыл

1960-1962 ж

1961 жыл

1963 жыл

Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы

Байқоңыр ғарыш кешенін іске қосу

КОКП XXсъезі Сталиннің жеке басына табынуды айыптады.

Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.

Қазақстан өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-ші орынға шықты.

Теміртау қаласындағы толқулар

Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып қызмет етті.

Ақмола қаласы атын Целиноградқа ауыстыру.

Ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде, су астында жаруға тыйым салу туралы шарт.

Кеңес өкіметі 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жою мен одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін қарастырды. Алайда қабылданған актілер жарияланған еркіндікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру, көптеген мәселелерді шешу азғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша “жоғарыдан-төмендегілерге” қағидасы бойынша әрекет етті.
Қорытынды:
«Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік (ерікті қоғамның дамуы) және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.


Жаңа тақырыпты меңгеру







Презентация № 4-5 бет





https://www.youtube.com/watch?v=nDqDBsHXdS8


Презентация № 5-7 бет










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет