Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата23.03.2022
өлшемі2,6 Mb.
#28561
түріСабақ
Байланысты:
Ньютонның екінші заңы


Бөлімі:

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Әбдіманап Н.Ү.

Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ньютонның екінші заңы. Масса

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.5 Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Ньютонның үшінші заңына мысалдар келтіре алу;

Көптеген оқушылар: Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау;

Кейбір оқушылар: Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері


- Ньютонның үшінші заңына мысалдар келтіре алады

- Ньютонның үшінші заңын тұжырымдай алады

- Ньютонның үшінші заңын тұжырымдайды және оны есептер шығаруда қолданады

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамында оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті, ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

  1. Оқушылармен сәлемдесу;

(Сынып оқушыларын түгелдеу)

  1. Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Сандар сөйлейді»

  2. Топтарға біріктіру «Теория, формула, мысал »- арқылы оқушы жауаптарына сәйкес топқа бөлу

Топ атауына параметр атауы беріледі: «Масса», «Күш» және «Үдеу».

  1. Үй тапсырманы тексеру:

Бeлceндi oқу әдісі: «Сұрақ ілмегі» әдісі

Мақсаты. Оқушылар берілген сұраққа жылдам ойлану арқылы тез ойлау қабілеттерін арттырады

Тапсырма №1

  1. Күштің анықтамасы?

  2. Күштің белгіленуі?

  3. Күш қандай шама?

  4. Күштің түрлері?

  5. Күштің өлшем бірлігі?

  6. Күшті өлшейтін құрал?

  7. Механикалық күштердің түрлері?

  8. Механикалық күштердің анықтамасы?

  9. Механикалық күштердің формуласы?




Оқушылар кеспе қағаздары арқылы топқа бірігеді. Механикадағы күштер бойынша теориясы, формуласына және мысалына қарай сұраққа жауап беріп қай оқушы неге жауап берді соған орай топтасады.

Оқушылар сұраққа жауап беріп өткен тақырыпты қайталайды.


Дескриптор:

- механикалық күштерге сипаттама береді.

-күшке анықтама береді.

- механикалық күш атауы мен формуласын сәйкестендіреді

- Күштің өлшем бірлігін, өлшеуіш құралын біледі



Презентация



Сабақтың ортасы


29 мин



Жаңа материалды меңгеру.

Ойлау деңгейі - қолдану, талдау, жинақтау

Белсенді оқу әдісі - «Үштік»

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеті арттыру. Өз ойын ашық айта алу. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдыларын қалыптыру.

Тапсырма №2

Масса тобы.

  1. Дене массасы дегеніміз не?

  2. Масса этолоны туралы қосымша мәлімет.
    Үдеу тобы.


  1. Үдеу дегеніміз не? Өлшем бірлігі (еркін түсу үдеуін қайталау)
    Күш тобы тобы.


  2. Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және формуласы.




Сергіту сәті.

«Бірге ойлаймыз» арқылы


Оқушылар берілген тапсырмалардың мағынасын оқулықпен жұмыс жасай отырып ашады және ортада талқылап тұжырымайды.

Оқушыларға бейне беріледі соны сипаттап, тақырыпқа қатысты айтылады

Дескриптор:

- дене массасына анықтама береді.
-Ньтонның екінші заңын тұжырымдайды




Презентация

9 сынып оқулық





Жаңа материалды жинақтау.

Деңгейлік тапсырмалар

Белсенді оқу әдісі - «Есептеу банкасы»

Тaпcыpмa 3

А деңгейі

1.Массасы 50 кг хоккейші массасы 2 кг шарды өзінен 20 Н күшпен итереді. Бұл кезде адам мен шар қандай үдеу алады?


2 Шебер ағаш білеушені вертикаль қабырғаға қысқан кездегі қабырғаның реакция күші 5 Н болды. Шебер білеушені қандай күшпен қысқан?
3 Жер бетімен адамның орын ауыстыруы қалай жүзеге асатынын түсіндіріңдер

В деңгейі

1.60 Н күш денеге 0.8 м/с2 үдеу береді. Қандай күшпен осы денеге үдеу береді?

2. Массасы 4кг дене 0андайда бір күштің әрекетінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде ол қандай үдеу алады?

С деңгейі


  1. Дене горизонталь бетте орналасқан. Динамиканың негізгі теңдеуін пайдаланып, осы суреттегі дененің қозғалыс үдеуінің нолге тең болатынын дәлелдеңдер.

  2. Массасы т машина а үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер таудың көлбеулік бұрышы α ал кедергі коэффициенті µ және машинаның тарту күші Fт болса онда машина қандай үдеумен көтеріліп барады?

Оқушылар есептің шартын құрады және керекті шаманы қорыта отырып анықтайды.

Дәптерге шығару жолдарын жазады.


Дескриптор

-Есеп құрылымын құра алды.

-Шамаларды анықтайды.

-Формуланы қолданды.

- Ньютонның үшінші заңын тұжырымдайды және оны есептер шығаруда қолданады




https://bilimland.kz/kk/login

Сабақтың соңы

8 минут


4-тапсырма

Оқылған материалды жинақтау.

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Белсенді оқу әдісі-«Миға шабуыл» әдісі «Quizzlet» платформасы арқылылы орындайды.

  1. Масса деп қандай ұғымды айтады немен өлшенеді?

  2. Масса қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

  3. Ньютонның екінші заңы қандай қорытындылар негізінде ашылды?

  4. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?

  5. Динамиканың негізгі теңдеуі қандай?

Кері байланыс:«Өзін өзі бағалау» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан туындаған қиыншылықтары мен алған әсерлерін жазады.

бүгінгі сабақта мен.......................................................................................................... түсіндім

- бүгінгі сабақта мен.......................................................................................................... білдім

- бүгінгі сабақта мен.......................................................................................................... көзімді жеткіздім

- бүгінгі сабақта қуантқаны................................................................................................................

- қызықты болғаны тұсы....................................................................................................................

-менің түсінгенім................................................................................................................................


Оқушыларды бағалау


Оқушылар берілген сұрақтарға жауапты

«Quizzlet» платформасы арқылылы береді.


Дескриптор:

- Масса ұғымын біледі
- Ньютонның екінші заңы қандай қорытындылар негізінде ашылғанын біледі
- Динамика теңдеуін жаза алады





Үй жұмысы:

3.3 жаттығу










Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




«Үштік » әдісі арқылы мен оқушыларды саралаудың «Қарқын» тәсілі арқылы саралаймын, себебі, оқушыларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасаймын. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әр оқушының тапсырманы орындау қарқынын ескеремін.

«Есептеу банкасы»

әдісінде «Тапсырма» тәсілімен саралаймын, себебі, тапсырманың құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Күрделілігіне қарай алға ілгерілетіп отырамын

Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін әр тапсырмаға дескриптор құрамын.Осы дескрипторға сәйкес оқушыларды балл жүйесі бойынша бағалаймын.

Сонымен қатар оқушыларға әр тапсырма соңында кері байланыс жүргізу арқылы үнемі білімдерін толықтырып отырамын

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет