Сабақтың тақырыбы: Санға 5-ті қосу және азайту тәсілдері. Сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі242,29 Kb.
#5930
түріСабақ

Санға 5-ті қосу және азайту тәсілдері

 

 



Пәні: Математика 2-класс 

Мұғалімі: Рахманова Г.Б. 

Сабақтың тақырыбы: Санға 5-ті қосу және азайту тәсілдері. 

 

Сабақтың мақсаты: 



1. 5-ті қосу, азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету, және тиянақтау,бекіту. 5 санымен байланысты сөз 

тіркестерінің мағынасын ашу. 

2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін,білім, білік дағдыларын қалыптастыру. 

3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап есептеуге үйрету. 

 

Сабақтың түрі: ойын сабақ 



Принциптері: біртұтастық, жүйелілік,ғылымилық. 

Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын 

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, 5-ке қосу, азайту кестесі, үлестірме қағаздар, «алтын теңгелер»шаблондары. 

 

Сабақтың барысы: 



І. Бағдарлау –мотивациялық кезең 

а) сәлемдесу 

ә)Психологиялық дайындық. 

Мұғалімнің оқушыларға тілегі: «Бес» дегенің үздік баға, 

Оқитын бол үздік қана. 

Оқушы қызығушылығын ояту. 

- Балалар , ерте, ерте, ертеде «Математика елінде» бір хан болыпты. Ханның 

«Бір»,«Екі»,«Үш»,«Төрт»,«Бес»,«Алты»,«Жеті»,«Сегіз»,«Тоғыз» деген он ұлы болыпты. Олар тату-тәтті өмір 

сүріп жатады. Күндердің бір күнінде оның «Бес» деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті. Сонда хан былай деп 

жар салыпты: 

- Уа, халайық,кімде-кім менің баламды тауып берсе, ат басындай алтын беремін! 

- Балалар ханға өзінің ұлын табуға көмектесеміз бе? 

Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, «Бестің» табылуына көмектесе аласыңдар. Олай 

болса, іске сәт! 

Сабаққа белсене араласқан баланың әр дұрыс жауабына 1 «алтын теңгеден» қосылады. Сөйтіп, сабақ 

соңында қорытындысы шығарылады. теңгелер қорыт 

 

1-тапсырма: 



Үй тапсырмасын тексеру. 

«Ашық журнал» слайд арқылы берілетін сұрақтар: 

1. Қосындының және айырманың мәндерін тап: 

8+4  


12- 4  

4+8  


12-8 

9+4  


13-9  

4+9  


13-4 

2. 4-тен кіші сандарды ата. 

3. 4 санының көршілерін ата 

4. 4 санының құрамы қандай сандардан тұрады. 

5. Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу, біреуін атып түсірді. Нешеуі қалады? 

- Сонымен, үй тапсырмасын орындауда біз неше сұрақтан тұратын тапсырманы орындадық?(5) 

Демек, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты болады. 

ә) «Бес» санын сөз тіркестері арасынан іздеу (Слайд арқылы) 

- Балалар, «Бесті» «Сөз тіркестері» елінен де іздеп көрейік 

 

3-тапсырма 



1. «Бес» саны мынадай сөз тіркестерінде кездеседі. 

Бес аспап,бес күндік, бес қанат, бес саусағындай біледі, бес саусақтай, бес тиынға тұрмайды. 

2. Бес қару 

1)Садақ. 2) Қылыш. 3)Найза. 4) Айбалта. 5) Шоқпар. 

3. Абайдың өлеңіндегі 5 асыл мен 5дұшпан. (өлеңді есіңе түсіріп айтып бер) 

Өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. 

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 

4. Тірек-сызбамен жұмыс: 

5 5 5 5 5 


5 саның құрамын анықтау 

 

ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең. 



Оқулықпен жұмыс 

(слайд арқылы түсіндіру) 

6+5 ═ 

(6+4)+1═11 



11-5═ 

(11 - 1)-4 ═6 

Оқулықтағы есептердің күрделілігіне қарай ұпай саны да көбірек болады. 

№1--------№2---------№3 -------№4--------------№5 

5ұпай----4 ұпай-----3 ұпай----5ұпай----------7 ұпай 

- Қане, кім батыл? 

№1. Түсіндіре отырып шығар(Интерактивтік тақтада) 

7+5 12-5 8+5 13-5 

9+5 14-5 

№2. Кестемен жұмыс (Интерактивтік тақтада) 

 

№3. Математикалық диктант 



7мен 3 сандарының қосындысына 2-ні қос;(12) 

12 мен 2 сандарының айырмасынан 3-ті азайт; (7) 

8 бен 2 сандарының қосындысына 3-ті қос; (13) 

13 пен 3 сандарының айырмасынан 2-ні азайт; (8) 

ғ)Сергіту сәті 

 

№4. Шаруашылықта 6 жылқышы бар, ал шопандардың олардан 5-еуі артық. Шаруашылықта барлығы қанша 



малшы бар? 

№ 5. 5 санына қатысты ұнаған сөз тіркестеріне сөйлем құрау. 

4-тапсырама:Ұжымдық жұмыс 

Ребус шешу. Жауабы; №1. еселеп азайту. №2 тіктөртбұрыш. №3. бесік 

 

ІІІ. Рефлексиялық –бағалау кезең 



5-тапсырма: Ой сергіту жаттығуы: «Тез тауып айт, бөгелмей» 

Мұғалім екі таңбалы сандар айтады, солардың ішіндегі 5 саны нені білдіретіндігін айту. 

85, 5дм 2см, 95см, 45, 65 мин, 

Мысалы: 85 санында - 5 бірлік 

6-тапсырма. Ассоцияция құру: 

- Бүгінгі біздің сабағымыз қандай санмен байланысты болды? 

- 5 саны туралы не білдің? 

...2+3 


5 5 қару 

Бағалау 


Ханның «алтын теңгелері» санына байланысты бағалау. 

Теңгелер санын бағалау парақшасына толтыру. 

Үйге тапсырма 

1. №6 есеп 62 бет 

2. Оқулықтағы шығармашылық тапсырма 

3. «Бес» санымен байланысты тұрақты сөз сөздеріне 5 сөйлем құрау. 

Сабақты аяқтау 

- Балалар, ханға ұлын табуға көмектескендерің үшін рақмет. Сөйтіп барлық цифрлар түгел жиналып, 



осылардан әрі қарай сандар өрбіген екен. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет