Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Сымсыз байланыс туралы түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сымсыз байланыс түрлерін біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады: Сымсыз байланыспен жұмыс істей алады.
Ойлау дағдылары
Біліу, түсіну, жинақтау
Бағалау критерийі
Сымсыз желілер туралы біледі.
Сымсыз байланысты қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар істей алады: Сымсыз байланыс түрлерін компьютерге қоса алады.
Пәндік лексика мен терминология: Wi-Fi, ИК-порт, Роутер, Маршруттауыш, Li-Fi, Транкинг, Желі, Сonnectify Сұқбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер: 1. Сымсыз желілер туралы не білесіңдер? 2. Сымсыз байланыстың қандай түрлері бар? 3. Сымсыз байланыстың қандай тиімділігі бар? 4. Wi-Fi сымсыз желісі қай жылы қолданысқа енді? 5. Сымсыз байланыстың кемшіліктері бар ма?
Құндылықтарға баулу
- қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру. - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау. - жауапкершілікке баулу.
Пән аралық байланыс
Физика. Толқындық қозғалыс. Радио байланыс. Ағылшын тілі пәні - сөздік
Алдыңғы білім
Операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Шаттық шеңберін құру «Өрмекші торы» әдісі Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау. Ұйымдастыру. оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа әзірліктерін тексеру; Жағымды психологиялық ахуал туғызу; Оқушыларды топқа бөлу Тақырып бойынша 3 топқа біріктіру.
Сабақтың ортасы
Қызығушылығын ояту: Сурет арқылы сұрақтармен тақырыпты анықтау
Сабақтың барысы:
Ой қозғау Сымсыз байланыс технологиясының классификациясы
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. 1-топ. Сымсыз байланыстың даму тарихы 2-топ: Сымсыз байланыстың түрлері 3-топ: Сымсыз байланыстың артықшылықтары мен кемшіліктері 3 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.
Сергіту сәті. Логикалық сұрақтар. 1. Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе? Жауабы: Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады. 2. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса 3. 3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс? Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады. Осы реттілік бойынша сұрақ белгінің орнында 79 болады. 4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық 5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан