Сабақтың тақырыбы: «Тактильді сезімталдықты дамыту»



Дата09.02.2023
өлшемі13,64 Kb.
#66484
түріСабақ
Байланысты:
тактильді сезімдерді дамыту


Күні: ______________________
Сабақтың тақырыбы: «Тактильді сезімталдықты дамыту»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қолдың ұсақ қимылын және қолдың көру қимыл үйлесімділігін, «көз-қол» жүйесі бойынша, саусақтар, қол басының қимыл кемшіліктерін түзету.
Дамытушылық: Кеңістікті тактильді қимыл арқылықабылдауды жетілдіру, кеңістікте бағдарлау, қол еңбегі дағдыларын бекіте отырып, сипау арқылы заттардың қасиеттерін сезіне тани білу.
Тәрбиелік: Рухани-патриоттық тәрбие беру арқылы адамгершілікке шақыру, адамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Бала бойында,ы жанашырлық сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, фигуралар, доптар, суреттер.
І. Ұйымдастырушылық – оятушылық
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу жинайық.
Жинаған жылы шуақты.
Досымызға сыйлайық.
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Әңгімелесу:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын ата.
Табиғатта қандай өзгерістер болады?
«Тиінге көмектесейік»
(Тиіннің шашып алған жаңғақтарын жинап беру үшін оларды теріп, жіптен өткізеді)
«Ғажайып дорба»
(Дорбаға пішіні, көлемі әр түрлі заттар салынған. Әр түрлі тактильді сезімталдықты дамытуға арналған құралдармен жаттығу жасайды. Аталған заттарды колымен сипай отырып тауып атау керек.)
ІІІ. Рефлексивті – түзету (коррекциялық)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Жоғары-төмен қарайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
Құстай қанат қағайық,
Алақанды соғайық.
Түсірейік төменге,
Орнымызды табайық.
Қорытындылау.
Қорытындылап мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет