Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының сайыс ретінде ұйымдастырылатын-«деңгене» дәстүрі Деңгене



Дата06.02.2023
өлшемі176,5 Kb.
#65661
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының сайыс ретінде ұйымдастырылатын-«деңгене» дәстүрі
Деңгене (дәстүр). Соңғы жылдарда ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі - осы деңгене. Екі немесе үш жігіт басын қосып ауқатты үйге «деңгене» жеуге келдік дейді. Оның шарты мынадай: үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар қойды жеп кетсе, қойдың құны сұраусыз, егер етті тауыса алмаса, олар үй иесіне екі қой төлеуге тиіс. Кей жерлерде мұны «сірне» деп те атайды. Тағы бір қызығы ел арасында бұрын бір қойды бір өзі жеп кететін мешкейлер көп болған. ХІХ ғасырдың соңында Арғын ішінде Тінет руында Шінтән деген атақты мешкей болыпты. Бір қой оның жұмырына жұқ болмайтын көрінеді. Қазақстанның оңтүстік жағында «деңгенені» қолданылуы басқаша. Бұл жақта 4-5 үй бірігіп бір малды ортақтасып сойып алады. Ол біткен соң тағы бір малды ортақтасып сояды. Сөйтіп кезектесе береді. Бұл негізінен қыста күн жылы болғандықтан соғым еті көп сақтауға келмейтіндіктен болар
Деңгене Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында көрсетілген "деңгене" дәстүрі.
Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет