Садык Гүлзат Кял 19-1



Дата22.05.2022
өлшемі16,41 Kb.
#35313
Байланысты:
Сын туралы Садык Гүлзат


Садык Гүлзат Кял 19-1

Жалпы сының басты мақсаты- көркем шығарманы талдау,бағалау. Сын әдебиет емес,ал әдебиет сынның зерттеу объектісі. Сол себепті ол әр кезде әдебиеттің шынайы жанашыры бола білді.Сын бұл өте күрделі салалардың бірі.Сын туралы әр түрлі ғалымдар пікірлері бар.Солардың ішінде А.С.Пушкиннің:” Сын-ғылым.Сын өнер мен әдебиеттің туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым”-деуінің өзі де бұл пікірдің қаншалықты тереңде жататынын аңғартса керек.


Сынның басты мақсаты талдау және бағалау.Талдау ретінде Фариза Оңғарсынова Шілде “Көңілімнен кетіп көп арман” өлеңін алдым.

Фариза өлеңдерінің көбі махаббат, сезім жайлы.Бұл өлеңнің басынан басталғаннан көңілінен кеткен армандары жайлы баяндалып басталады.Сонымен қатар, сезім жайлы да айтылған.


Өртеді-ау мені тәтті ернің,


жолықтың, жаным, кеш неғып…
Күрсіндім осы сәттердің
өткіншілігін еске алып.
Осы өлең жолдарында Фариза ақынның махаббат лирикасындағы тағы бір ерекшелік-нәзік жанды ару бойындағы адал да ақ сезімін тебіренде жырлау. Ақын кейіпкердің психологиясын ашып, жанкүйзелісін, адал көңілін жайып салады.
Мұнда айтарлықтай тың тіркес, образды сурет жоқ. Алайда бұдан өлең қуаты əлсіремейді. Керісінше, ақын лирикалық кейіпкермен бірге күй кешуді ұсынып, нəзік жанды қыз құпиясын ұғындыратын сияқты.
Дегенмен, сынды орынды қолданған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді», - демекші, сын айтушылар қазір өте көп. Қазіргі қоғам арзан күлкіге әбден үйреніп қалған тәрізді. Көгілдір экранды қосып қалсаңыз, әзіл-ысқақ театрлары қыдықтап күлдіретіні рас. Әзілдерін тыңдасаңыз, өскелең ұрпаққа берер тәрбиесінен гөрі, керісінше ұят дүниелерді жиі көрсетіп жатады. Сында әр түрлі пікірлер бар.Әдебиетке де сын керек. Әсіресе,әдебиетті сынау біз сықылды жұртқа керек,өйткені,бізде әлі жөнді әдебиет жоқ,бар болса балапан,буыны бекіп ,бұғанасы қатқан жоқ,әдебиетті тәрбиелей,мәпелей білсек,біздің де ақындарымыз,жазушыларымыз санатқа қосылады. С.Сәдуақасов та” Қазақ әдебиетіне толық сын керек.Сынағаннан әдебиет ақсамайды,қайта сынның жоқтығынан әдебиеттә тот басады.Жазушының қайрағы сыншы,”-деп жазған екен.
Сын мен сыншы – жазушы еңбегі мен көркемдік құпиясының ақиқат жайттарын тамыршыдай тап басып, руханият әлемінің өріс-өресін айқындап, білім-біліктің деңгейін танып, шындық шырағын жағады. Бұдан шығатын түйін:

- сын мұраты айқын, ол - әдеби үдерістің күретамыры, бағыт-бағдар беретін, алысқа арна тартқан алтын бастау, сырлы да соны соқпақ;




- сыншы міндеті сындарлы, ол - әдеби дамуды айқын аңғарып, батыл барлау мен терең талдауларға табан тірейтін сергек сезімнің, серпінді де тегеурінді, талантты топ өкілі, басты тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет