Сайрам Ауданының Адами Әлеуетті Дамыту бөлімінің «Оқу -Өндірістік комбинат» кмм



Дата27.04.2023
өлшемі13,83 Kb.
#87387

Сайрам Ауданының Адами Әлеуетті Дамыту бөлімінің
«Оқу -Өндірістік комбинат» КММ
«Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Жантаева Ақерке Жандарбекқызы
Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры!

Тәуелсіздік бұл - ата- бабамыз аңсап өткен маңдай тер мен ерен еңбектің,елім -жұртым деген батыр аға -апаларымыздың жеңісі мен жемісі десек қателеспейміз.Қазақ жұрты тәуелсіздікке қол жеткізу жолында көп дүниелерді құрбандық етті. Ол тарихи сәт 1991 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында ту ұстап,алаңға шыққан көпшілігі студент жастар еді .Сол сәтте қаншама аға- әпкелеріміз билікке қарсы шықты деп жазаға тартылды,бақилық болды.Дегенмен сол жанкештіліктің нәтижесі ауыз толтырып айтарлықдай «Тәуелсіздік» алуымызға зор септігін тигізді.


Тәуелсіздік алғалы елімізде көптеген оң өзгерістер орын алды Қазақстанды бүкіл әлем таныды. қай салада болмасын даму қарқыны күшейе түсті.Тағы бір айта кететін дүние - Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамып шарықтауына тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі шексіз десек қателеспейміз сірә. «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалағап, аяғына нық тұруына аянбай еңбек еткен ең маңызды тұлға.Тұңғыш президенттің сындарлы саясаты мен көрегендігі ,білімділігі мен парасаттылығы арқасында еліміз елеулі жетістіктерге қол жеткізді.Жыл сайын қазақ халқына жолдаулар жасап , сүбелі жоспарлар мен бағыттар беріп отырд ы. Сонымен сол бағдарлама мен басымдылытардың орындалуын жіті қадағалауында ұстады.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі мен еңбектері еліміздің тарихында алтын әріптермен мәңгілікке сақталады деп сенеміз!
Тәуелсіздік -болашақ жастарға аманат дер едім. Тәуелсіз елдің жастары білімді , сауатты , салиқалы ,жан -жақты дамыған тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол! Жастар Тәуелсіздік тұтқасын биік ұстап-еліміздің ары қарай дамып, көркеюіне өз үлестерін аянбай қосады деген сенімдемін. Тәуелсіз елдік ұрпағы болғаныма шексіз өзімді бақытты ұрпақпын деп сезінемін және мақтан тұтамын!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет