Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы



бет1/32
Дата21.12.2022
өлшемі131,25 Kb.
#58794
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Абай жола Самари нұсқа



Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы.
Қазақ әдебиеті том-том төл шығармалармен бай, алайда оны оқитын оқырман(жас буын) көп емес.
Ал шетелде кітапты не көлемді шығарманы саммари әдісімен әлде бейімдеп оқу кеңінен таралған.
Бізде қалай? Том-том шығарманың атына қызығады, бірақ оқиын десе тіс батпайды, себебі тілі ауыр не балаға түсінуге қиындық келтіреді. Сөйтіп керемет туындылармен оқушылар немесе орта буын өкілдері қош айтысып жатады, себебі қазір бұрынғыдай (әке-анамның, одан бұрынғы дәуір) ақпаратты тек кітаптан ғана емес түрлі гаджеттерден не аудиокітаптардан алады.
Айтайын дегенім, жақында парақшамда жүргізген сауалнама нәтижесі нені ұқтырды?
Көпшілігі "Абай жолы" роман-эпопеясымен таныс емес екен. Содан маған мынадай ой келді: неге романды саммари әдісімен оқытып көрмеймін, шығарманы үтір-нүктесіне дейін білмегенмен де әйтеуір түсінік болады ғой.
Қосымша дерек «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993 жылғы дерек)
Автор бұл романды 20 жыл жазған.
Роман кейіпкерлері:



  1. Абай - (Ибраһим) Құнанбаев (Құнанбайұлы) (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

  2. Құнанбай- би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты.

  3. Зере- (1785–1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала.

Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.

  1. Ұлжан- Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет