Сангвиник. Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң
Сангвиник.Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе–тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым–ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Cәл нәрседен, қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет–жүзінен көңіл–күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол иншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып –шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы–ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шап–шаң. Сезімдері, көңіл–күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик.Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңділігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі керек. Осыдан–ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан–толық экстраверт.
Флегматик-әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол міз–бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым–ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде–интраверт.
Меланхолик.Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болшамы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым–ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп–толық интраверт.