Сауат ашу 1-тапсырма. Үлгіге қарап төмендегі сөздерде неше әріп, неше дыбыс және неше буын барын тауып жаз



Дата18.12.2023
өлшемі26 Kb.
#140624
Байланысты:
Сауат ашу


Сауат ашу
1-тапсырма.
Үлгіге қарап төмендегі сөздерде неше әріп, неше дыбыс және неше буын барын тауып жаз.
Үлгі: қою, қо-ю, 3 ә. 4д. 2б.
Сия,
тақия,
есею,
аю,
шахтёр,
монтёр.


2 – тапсырма. Төмендегі сөздерде дауысты, дауыссыз дыбыстарды тап.
Айдаһар, көгершін, қарлығаш, қасқыр, арыстан, тиін.

3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Наурыз – ... басы. Бұл күні ... наурызкөже пісіреді.
Көжеге ... дәм қосады. Наурызкөже өте ... тамақ.
Керекті сөздер: жеті, дәмді, жыл, әжем.

4 – тапсырма. Мәтінді минутқа оқы.
Көктем
Жадырап көктем келді. Қар еріді де, аз уақытта төңірек құрғап шыға келді.
Мектепте ағаш отырғызу науқаны басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Алмабек бұл жұмысты бос әурелену деп есептеді. Бірақ басқалар жаппай кіріскен шаруадан Алмабек те шет қалмауды ойлады. Тал, терек, қайың көшеттерінің бірнешеуін терезе тұсына тізіп отырғызды.
Өзгелер ағаштарын суару, түбін қопсыту, күту жұмыстарымен әуреленіп жүргенде, Алмабек ағаштарына көңіл аударуға уақыт та таппады.
Минутқа оқылған сөз саны: -------------

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет