Саяси даму және оның өлшемдері
Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер деөзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарапұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.
Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әңгіме еткенде қоғамның осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз.
Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге беледі.Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған.
Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды.
Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, акыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне қарай бағаланады.
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |