Себеп-салдар үстеулері Орындаған: Тексерген: ОСӨЖ 11
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Қазіргі қазақ тілінде үстеу лексика-семантикалық, морфологиялық жағынан ерекшеленген дербес сөз табы болып табылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал-тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер.
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
- Мезгіл үстеулер
- Мекен үстеулер
- Мөлшер үстеулері
- Сын (я бейне) үстеулері
- Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
- Мақсат үстеулері
- Себеп-салдар үстеулері
- Топтау (я бөлу) үстеулері
Себеп-салдар үстеулері.
Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулерге жататын сөздер: босқа, амалсыздан, бекерге, текке, лажсыздан, құр босқа, шарасыздан т.б.
Құрамы жағынан себеп-салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік (барыс, шығыс) септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Олар: бекерге, босқа, текке, шарасыздан, амалсыздан, лажсыздан т.б.
Себеп-салдар үстеулер сөйлемде қимылдың жүзеге асу себеп-салдарын білдіріп, сөйлемнің себеп-салдар пысықтауышы қызметінде жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |