Сегізінші апта №8 Практикалық сабақтың тақырыбы



Дата03.12.2023
өлшемі28,6 Kb.
#134006
түріСабақ

Сегізінші апта

8 Практикалық сабақтың тақырыбы: Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива.


1. Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау.
2. Мәдениет әлеуметтануы. Құндылықтар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
3.Ұлттық бірегейлік пен мәдениет.
Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.[1]
Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.[2][3]
Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.
Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет (divine),[4] киелі зат,[5] сенім,[6] табиғаттан тысқары болмыс/болмыстар,[7] сондай-ақ "өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін.[8] Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде сенушілері қашанда "дұрыс" деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар көзі болып саналды.[9] Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал етіп отырады.
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер (folk religion).
Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.
Дінді практикалық және теориялық тұрғыдан зерттейтін пән салалары: теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия қатарлылар. Теология мәлім бір дінге сенген күйде оны түсіндіру және ақтау үшін дінді зерттесе, дінтану діндердің сыртында тұрып, әртүрлі діндердің ерекшеліктері мен жағдайын, қоғамға ықпалын зерттейді, ал әлеуметтану дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттесе, философия діннің жаплы ерекшелігін, немесе дінге қатысты жалпы фундаменталды проблемаларды зерттейді. Бұдан басқа әртүрлі діни теориялар бар, олар діннің шығу тегі мен діннің жұмыс істеу формасына, сондай-ақ діни құбылыс пен сенімнің онтологиялық негіздеріне әртүрлі түсіндіру жасайды.
Жер бетіндегі көптеген тілдерде дін (religion) сөзіне дәл келетін сөз жоқ. Өйткені діни мәдениет баршаға таралғанымен, оның пайда болуы барша халықта бірдей басталмаған. Ибраһимдік діндер делінетін ХристианИслам және Иудаизм (Еврей діні) үшеуі тек әу-баста еврей және араб халықтарын бастау етті, кейін басқа халықтарға таралды.
Ғылыми зерттеулер бойынша, дін 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдени жадыгерліктері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылықтотемизмғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.
Құдайды дүниенің және өмірдің Бастауы ретінде мойындау қазіргі діндерде негізінен Ибраһимдік діндерге - христиан, ислам, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Ибраһимдік діндер - теистік діндер деп аталып, олар Құдайдың дүниені жаратуы және адамзатты ақырзаманда сотқа тартып, жұмақ пен тозаққа жіберуі туралы түсінікке негізделген. Алғашқы адамды Адам атадан бастайтын бұл діндердің негізгі пікірлерін тарих және археология ғылымдары дәлелдемегенімен, бәрібір аса көп халықтар арасында ықпалын сақтап келеді.
Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда дін], христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам діні әу баста 72 ағымға бөлініп үлгірген делінеді, қазір түрлері көп, бастылары СунниттерШииттерСопылық қатарлылар болса, ал аса көп тармақтарға бөлінетін христиан дінінің католиктікправославия және Протестантизм конфессиялары бар.
Дүние жүзі халқының 57 пайыздайы, әлемдік үлкен екі дін - христиан мен исламға сенеді. Сонымен қатар, ешқандай дінді ұстанбайтын Дінсіздік (Irreligion) және дінге қарсы атеизм және дінге сыни қарайтын агностицизм де әлем халқының 16 пайыздайын ұстайды.[11][12][13]
Антрополог ғалым Clifford Geertz дінге былай анықтама береді: дін дегеніміз
Дінді философиялық пайымның кемдігі дейтіндер де бар. Бұл тұрғыда, адам терең толғанып, жауап іздеуге тиіс аса мәнді сұрақтарға дін өзінше жауап беріп, бірден көңілді қанағаттандырғандай болады. Философия жауапсыз сұрақтар болса, дін сұрақсыз жауаптар. Әрине қайсысын таңдау адам өз еркінде.
Ғылым уақыт-кеңістік бойында бар, ақылмен түсіндіру мүмкіндігіне ие, математикалық есептеуге келетін кез-келген сұраққа дәйекті жауап іздейді. Ал, діндегі тақырыптар нақты болмағандықтан, ғылым діни тақырыптарды зерттемейді. Мысалы, ғылым шайтанды, о дүниені зерттемейді, өйткені ол адамның таным қабілетінің сыртындағы рас-өтірігі дәлелденбейтін нәрсе.
Ғылым табиғат құбылыстарын себеп-салдар детерминизмі арқылы айқындайды, Аристотель айтқандай "“Адам бір нәрсенің не үшін осылай екенін білгенде барып ол нәрсе туралы білімі болады."[15][16] Дін бәрінің себебін бір Құдіретті күшке апарып тірейді. Мысалы, ғылым бойынша "найзайғай дегеніміз оң-теріс зарядталған бұлттардың электрлі реакциясы". Ал, ислам діні бойынша ол "Құдайдың шайтанды ұратын қамшысы".
Ғылымда дәріптеу мен күдіктену қатар жүреді, ол сенімді аргументтерді дәріптейді, 1+1=2 cекілді қарапайым ережелер бұлжымайды, бірақ онда тағы күдік болады. Ол кез-келген аксиома, теорияларға күмәнмен қарай алады. Өйткені ғылым адамзат ақылы мен қабілетіне негізделген. Ол еркін, ол ашық, ол тірі, жанды. Ғылым - факткеаргументкедәлелдеу мен тұжырымдауға незіделеді. Бұларсыз ешбір пікірді дәріптемейді.
Дін, өз кезегінде, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі делінген догмаларға негізделеді. Дін бәріне біртұтас жауап бергендей болады, "тас неге жерге түсті?" десеңіз олар "Құдай түсіріп отыр" - деп жауап береді. Дін зерттеу немесе тексеруге мүмкіндік бермейді, күдіктенуді жек көреді.
Ғылымның табиғаты динамикалы, яғни үнемі қозғалыста, жетілу күйінде, ізденіс күйінде болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеу қатар дамып отырады.
Ал дін консервативті, статикалы (тыныш) болады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай айтылса, солай қалдырады. Егер қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Дегенмен, діндер де жаңа ғылыми, философиялық байқауларды өзіне икемдеуге тырысады. Мысалы, Жойқын жарылыс ешбір дінді растамайтын физикалық космология теориясы. Бірақ оны Христиан діні мен Ислам діні өздерін растау үшін қолдануға талпынуда.
Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз оның ғұлама/пәтуә берушісін тыңдауға тиіссіз, өз бетіңізше іздену адасқандық, тіпті діннің жауы деп айыпталады. Иудаизм кезінде Бенедикт Спинозаны идеяларына бола діннен қуып, тіпті өміріне қауіп те туғызғаны белгілі. Ал, ортағасырда христиан инквизициясы жүз мыңдаған ғалымды отқа өртеген.[17] Әрине, ислам діні тарихында да кітаптарды өртеу, ғалымдарды қудалау, мәдени мұраларды қирату әрекеттері болды, оны аз санды әсіредіншілдер жасады деген күнде де, жалпы жағынан дінді қорғауды желеу еткен, және дін талабына қайшы келмейді.
Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілік үшін біршама қиын. Қазіргі ғылыми зерттеулерге біршама қаражат кетеді, сондықтан жеке адамдар еркін айналыса алмайды. Жаңа теорияларды көп санды жұрт түсінбейді. Ал дін кез келген адамға түсінікті, ыңғайлы, тек сену болса жеткілікті, өйткені діндер негізінен ортағасырлық деңгейде сөйлейді
Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей халықтар ыдарағаны да шындық.
Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет