«Сейфуллин оқулары – 15: Жастар, ғылым, технологиялар: жаңа идеялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми- теориялық конференциясының материалдары = Материалы Международной научно- теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 15: Молодежь



Pdf көрінісі
Дата16.03.2023
өлшемі0,65 Mb.
#74962
Байланысты:
sf15-language-105



С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары – 15: Жастар, ғылым, 
технологиялар: жаңа идеялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференциясының материалдары = Материалы Международной научно-
теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 15: Молодежь, наука, 
технологии – новые идеи и перспективы», приуроченной к 125-летию С.Сейфуллина. -
2019. - Т.ІI, Ч 1 - Б.51-52 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІН 
САЛЫСТЫРУДЫҢ
ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ КӨЗДЕРІ 
 
Балташева Н. 
 
Тіл – әр түрлі адамдар арасында өзара түсінушілікті орнататын 
қайталанбас құрал. Тілдің құдіреті оның тек қана ойды жеткізе алу 
қасиетінде емес, ең алдымен тіл арқылы қоршаған орта жөніндегі теориялық 
және практикалық ұғым-түсініктерді білуге, адамның ойын анықтауға, 
танымын байқауға болатын мүмкіндігінде. Екінші жағынан, тіл – «ұлттық 
мәдениеттің айнасы, оны сақтаушы да келесі ұрпаққа мұра етіп жеткізуші де» 
құрал. Ойды білдірудің, ұғымды түсіндірудің ең көркем, әрі образды түрі – 
фразеологизмдерді пайдалану болып табылады. Фразеологизмдерде тек қана 
образдылық емес, сонымен қатар, талай ғасырлар бойы халықтың, ұлттың өз 
басынан кешіріп, жинаған өмірлік тәжірибесі жатыр.
Өз 
кезінде 
академик 
В.Виноградов 
«Фразеология 
– 
тілдік 
құбылыстардың ішіндегі ең тірісін, ең бейнелісін, жан-жақтысын зерттейтін 
тіл білімінің саласы» деп ерекше бағалаған. Көпшілік фразеологтардың 
мойындауынша, «фразеологизмдердің ең басты құндылығы – оның 
семантикасында» болып табылады. А.Д.Райхштейн «фразеологизмдер - өз 
ішінде екі антропоцентризмнің көрінісі, бірі – жалпы пайда болу себебі 
(этимологиясы, тарихы), екіншісі – коммуникация барысында қолданылуы» 
деп ерекшелейді. Тілдік жүйенің барлығыныда да біз антропоцентрикалық 
бағыттылықты көреміз, алайда фразеологизмдерде ол ерекше байқалады. 
Соңғы уақытта, фразеология аясының өзінде «Фразеологизмдегі адам 
факторы» секілді мәселелер көп талқылануда. Бүгінгі таңда адам және оның 
факторлары зерттелетін қандай да болмасын саланың ошағы, нысаны. Сол 
сияқты, көптеген ғалымдар фразеологизмдерде де антропоцентризм – басты 
доминант бағыттардың бірі екендігін бірауыздан мойындайды. 
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді зерттеудің негізін қалаған, кейін
лексикология саласы шеңберінен алып, жеке тіл білімінің саласы ретінде 
қарастыра зерттеген ғалымдар өте көп. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов 
С.Аманжолов секілді тіл білімінің негізін қалаған алып тұлғалар жолын 
жалғастырушы ғалымдардың ішінен Ә.Қайдаров, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев, 
Ә.Болғанбаевтарды ерекше атау жөн болар. Бұл ғалымдар қазақ тіл 
біліміндегі фразеологизмдерді түркі тілдері (көне түркі, ұйғыр, татар, оғыз 
т.б.) фразеологимздерімен біртұтас тарихи тілдік құбылыс деңгейінде 


қарастырды. Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді түркі тілдерінің бірімен 
салыстыра отырып зерттеу үрдісі – қазіргі тіл біліміндегі өзекті зерттеу
әдістерінің бірі болғандығының көрсеткіші. Осы себепке байланысты түркі 
тілдерінің 
ішінде 
грамматикасы, 
орфоэпиясы 
тұрғысынан 
ортақ 
ұқсастықтары көп тілдердің бірі – түрік тілін, дәлірек айтсақ, оның 
фразеологизмдерін қазақ тілінің фразеологимздерімен салыстыра зерттеу 
үлкен қызығушылық тудыратындығы анық. Соңғы онжылдықта ресей, шетел 
ғалымдарымен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ғылымда туыс және 
туыс емес тілдердің фразеологиялық қорлары жасалып, салыстырмалы, 
салғастырмалы әрі тарихи принцип негізінде жаңа тұжырымдар қалыптаса 
бастады.
Орыс тіл білімінде түрік тілінің, соның ішінде фразеологиясының 
зерттелуі 20 ғасырдың 50 жылдарынан басталады. Р.А. Аганин, Л.Н. 
Долгополов, С.С. Майзель, Э.В. Мамулий, В.Е. Полякова еңбектерінде түрік 
тілінің фразеологиялары генетикалық және типологиялық тұрғыдан туыс 
емес тілдер фразеологияларымен салғастырыла зерттеледі.
Түрік тілінің фразеологиялық қорын ағылшын тілінің фразеологиясымен 
салғастыра зерттеген ғалымдардың бірі - Н.Д.Самаркина. Ғалым екі тілдің 
18 түрлі сөздігі (фразеологиялық, этимологиялық аударма, т.б.) мен 200 жуық 
шығармаларын пайдалана отырып, түрік тіліндегі 1118 субстантивті 
фразеологиялық бірлікті ағылшын тілінің 2436 бірлігімен мағыналық 
ортақтық пен сәйкестігін салғастыра, салыстыра отырып анықтайды.
Алтай тілдерін зерттеген ғалым З.Г.Ураксин түркі тілдеріндегі 
фразеологизмдерге тілдік талдау тұрғысынан зерттеу жүргізеді. Олардың 
арасында генетикалық байланыс болғандықтан, мағыналық ұқсастықтар мен 
сәйкестіктердің болуы – заңды құбылыс деп түсіндіреді.
Түркі тіл білімінде фразеология («deyim», «deyimbilim», идиома – 
«deyimler») жеке сала ретінде 1990-1998 жж. аралығында қалыптасқан. Түрік 
тіл білімінің атақты лексиколог ғалымдары Т.Доганай, А.Пюскюллюоглу, 
С.Эмир т.б. ғалымдардың зерттеулерін саралай келе, кейінгі жас ұрпақ 
ғалымдары Д.Аксана, О.А.Аксоя, Л.С.Узун, С.Гюнеш, Ш.Элчин, Г.Бахар 
және т.б. ғалымдар фразеологияны лексикологиядан бөліп, жеке сала ретінде 
зерттейді.
Түрік тіл білімінде ғылыми жаңа бағыт алған фразеология аясын кеңінен 
зерттеген жас ғалымдардың бірі С.Гюнеш болатын. Жас ғалым – Түркияның 
атақты лексиколог-профессоры Ш. Элчиннің шәкірті. Ұстазының идеясын 
әрі қарай жалғастыра келіп, кез-келген тілдің фразеологизмдерін салыстыра 
(салғастыра) зерттегенде байқалатын басты екпін – барлығының да адаммен, 
әлеуметпен тығыз байланыста туындайтынын баса айтады.
Түрік ғалымы Г.Бахар өзінің замандас әріптесінің (С.Гюнеш) пікірімен 
толық келісіп, әлеуметтік фразелологизмдердің психологиялық (когнитивтік) 
фразеологизмдерден айырмашылықтары өте көп екендігін өзіндік 
көзқарасымен ғылыми түрде дәлелдейді [20, 24].
Түрік тіліндегі алғашқы фразеологиялық сөздік Omer Asim Aksoyдың 
сөздігі болса (Atasozleri ve Deyimler Sozliigii (1965), ең соңғы баспадан 


шыққан фразеологиялық сөздік M.Ertugrul Saraba§i, Ibrahim Minnetoglu
сөздігі (M.Ertugrul Saraba§i, Ibrahim Minnetoglu. Turke Deyimler Sozlugu 
(2002).
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ресми түрде алғашқы болып 
мойындаған бауырлас Түркия халқының фразеологизмдерін танып білу, 
олардың әлеуметтік фразеологизмдерінің қазақ фразеологизмдерімен 
байланысы бар екендігін, ұқсастықтарын, ортақтастықтарын және 
сәйкестіктерін көрсету, анықтау – тіл білімінде ашылған жаңалық болумен 
қатар, еліміздің президенті құптаған «тарихи мәдени және рухани мұра 
бағдарламасы» аясында жасалатын маңызды зерттеу жұмысы болып 
табылмақ.
Әдебиеттер тізімі 
5.Rezuanova G. K., Tuksaitova, Albekova, Muratbekova, Omarova. 
Management of students philologists professional competence formation// 
International Journal of Academic Research Part B; 2014; 6(6), 541-536. DOI: 
10.7813/2075-4124.2014/6-6/B.79 
Ғылыми жетекші: Ж.Қ.Айдарбекова


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет