Бақылау сұрақтары: Философия тарихындағы еркіндік ұғымының мәнін ашыңыз?
М. Хайдеггер еңбектеріндегі еркіндік пен ақиқат байланысы неде?
Авторлық еркіндік концепцияларын атаңыз?
Бостандықтың оң және теріс жақтары неде?
Саяси еркіндіктің, ұлттық бостандықтың және жеке еркіндіктің ерекшелігі неде?
Әлемдік философияда еркіндік мәселесі көне грек ойшылдарының идеяларында көрініс тапты. Қоғамда адамдардың еркін және еркіндігі жоқтарға бөлінуіне байланысты еркіндік антика философиясында мәселе ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында Сократ көтерген болатын. Әрі қарай өрбіткендер Платон, Эпикур, стоиктер және т.б. болды. Орта ғасырларда болса, ерік бостандығы ретінде философия мен теологияда еркіндік мәселесін шешуге талпыныстар жасалынды.
Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі идея адамның «күнә мен күнәдан құтылу» жолдарын таңдауы болды. Бұл мәселеде философтар ғана емес теологтар да бір шешімге келген жоқ. Соңында екі негізгі бағыттағылар арасында күрес басталды. Еркіндіктің алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді.
Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін жатқызуға болады. Ал қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары еркіндікті адамның кедергісіз жан-жақты даму ретінде түсіне отырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Мұндай түсінік Дж.Бруно, Пико делла Мирандола, М.Монтень еңбектерінде байқалады.
Жаңа Заманда капитализмнің орнығуымен еркіндік өзекті мәселеге айналды. Еркіндік мәселесі жайында Декарт пен Спиноза, Гоббс пен Руссо, Локк пен Юм сияқты ойшылдар өз көзқарастарын қалыптастырған болатын.
Осы ойшылдардың ізденістерінің өзіндік бір қорытындысындай және батыстық мәдениеттегі еркіндік мәселесін шешуде өзіндік үлгі қалыптастырған неміс классикалық философиясы деуімізге болады. Неміс классикалық философиясының өкілдері И.Кант, Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах, И.Г.Фихте, В.И.Шеллинг еркіндік мәселесін ерекше деңгейге көтере отырып, оны онтологиялық, этикалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырды.
Еркіндік мәселесін диалектикалық материализм тұрғысынан қарастыру Ф.Энгельстің шығармашылығымен байланысты. Ал кеңестік философияда еркіндік көбінесе тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды. Қазақ халқының дүниетанымында еркіндік болмыстың іргетасы ретінде қарастырылады. Адам мен әлемнің қатынасы контексінде еркіндік мәселесі адамның табиғаттың ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылуынан туындайды.
М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты "осында орныққан" адам ерікті, себебі: "осындағы болмыс"орын және адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсені тірлігіне мүмкіндік жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асумүмкіндігі.
Алайда, орынның шартты анықтамасы адам орны жүзеге асатын саяси,экономикалық және әлеуметтік сияқты нақты сұрақтарда ақырына жетеді. Осы аумақтардың әрбірі еріктілік жүзеге асуы үшін қажет. Метафизикалық еріктілік аздық етеді. Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тұр. Біз адам—саяси мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық еріктіліктің шынайылығы және мойындауы болатын саяси еріктілікті сақтаумағынасында түсінеміз. Бұған қарамастан,метафизикалық еріктілікті жариялау, тәуелсіз адамды саяси тәуелдендіру арқылы сіңіріп кетуге жол бермейді.
Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген.
Ерік – бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық ісәрекеті. Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі.
Еркіндік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ерткіндікті құқық реттейді.Ішкі еркіндік бұл субъективті еркіндік, яғни адамның адамның ойлау еркіндігі, сенім, көзқарас еркіндігі және т.б.
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекеттерінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан.
Белгілі философ Фромм еркіндікті оң және теріс деп бөліп көрсетеді. Оң еркіндік барлық байланыстардан қол үзуді талап етпейді, тек ойластырған мәселені жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерден бас тартуды талап етеді. Ол адамға қуаныш сыйлайды, дамуына ықпал етеді. Ал теріс еркіндік дегенеіміз адамдар алдындағы жауапкершіліктен, барлық міндеттерден бас тарту. Бұл қоғамда кері пікір қалыптастыратын еркіндік түрі.
Саяси еркіндік - мемлекет конституңиясыкепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси үрдістерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, ақпарат алу бостандығы, еркін, тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат-мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. Шығармашылық еркіндік – бұл еркіндіктің ең жоғары формасы. Шығармашылық – ол адам және қоғам үшін жаңа пайдалы, сапалы жаңа нәрсені ойлап шығаруы. Шығармашылық еркіндігі берілген қоғамның дамуы көш ілгері болады.
Шығармашылық еркіндігі адам өмірінің көптеген салаларын қамтиды: ғылыми, өндірістік-техникалық, шығармашылық, саяси және т.б. салаларының дамуына және жаңалықтарының ашылуына ықпал етеді. Философия шығармашылық ұғымының мәнін яғни адамзат дамуының әр кезеңіндегі шығармашылық ұғымының қалай өзгергенін көрсетеді.
Ағылшын ғалымы Г.Уоллес (1924) шығармашылықты процесті 4 фазаға бөліп қарастырды: дайындық, пісіп жетілуі (идеялар), жаңалық ашылуы, және тексеру. Осы процестің басты бөліктерін (пісіп жетілуі және жаңалық ашу) саналы-ерікті бақылауға алуға мүмкін емес болғандықтан бұл тұжырымдама шығармашылықты бесаналы және иррационалды факторға жатқызды. Шығармашылық бір бірін толықтырады. Өз ндивид өзобъектісіне берілгені соншалық өз-өзін бақыламайды, тек өз ойларының жалпы бағытын бақылайды: болжау, кездейсоқ шешімге келу, ашу, кездейсоқ шешім шығару сәттері сананың жарқын сәттері ретінде қабылданады.
Еркіндік – бұл таңдаудың болуы. таңдауыңыз көп болған сайын сіз соншалықты еркінсіз. Шынайы еркіндік ол шығармашылық қабілеті, жаңалық шығару қабілеті. Қарапайым тілмен айтқанда шығармашылық еркіндігі - бұл бар мүмкіндіктер арасынан қажеттісін таңдап алу ғана емес, сол жаңа мүмкіндіктерді жасап шығару. Адам өз алдына мақсат қояды, құралдарын өзі жасайды, әрекеттерді өзі анытайды. Алынған нәтиже тұлғаның қасиеттерін көрсетеді. Шағармашылық барысында адам алдында кездескен кедергілерді жеңіп өтеді, жаңалықтар ашады. Еркін адамға шығармашылыққа ден қояды. Шынайы еркіндік қана нағыз шығармашылыққа жол салады.
Абайдың «Толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Абайда адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде «толық адамның» мәні мен негізіне үңілген белгілі бір жүйе бар. Сол жүйені мынадай күйде көруге болады:
а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;
ә) ақыл, жүрек;
б) жуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;
в) жүрек: әділет, рақым, мейірім,сүю, т.б.
г) әділет;
д) сүю;
е) ізгілік, қайырымдылық, бақыт.
Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды. Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады. Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барады. 1902 жылы жазылған «Тоты құс түсті көбелек» атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз. Адамзат үшін қажет үш қасиеттің осы шумақтағы бөлінбес бірлігін кездейсоқ құбылыс дей алмаймыз. Абай адам бойындағы барлық асыл қасиеттер мен қабілеттерді бір орталыққа біріктіріп, оларды өзі таныған үш қасиет арқылы толық адам бойына жинақтайды. Ақыл,қайрат, жүрек үшеуінің «бір кеудеден табылып,одан толық адам туатын танымы - ұлы ақынның зор табысы.