Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылы « Жамбыл орта мектебі» КММ
Аудан көлемінде өтілген: «Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» семинарында: «Терең білім-ел дамуының өзегі» атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда жасалған оқушының ғылыми жобасы негізінде биология пәні мұғалімдерімен өтілген шебер сынып. Тақырыбы:
«Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде қойылатын талаптар».
Өткізген: биология пәні мұғалімі Р.О. Аугонбаева.
2018 жыл. Сәуір айы.
«Жамбыл орта мектебі»КММ. 2017-2018 жыл. 5-сәуір. Семинар тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы». Мақсаты: «Жаңартылған білім мазмұнындағы критерийлі бағалау және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану».
«Терең білім-ел дамуының өзегі» -атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда жасалған оқушының ғылыми жобасы негізінде шебер-сынып: Керекті ресурстар: Корзинаға салынған 4 түсті 20 дана гүл, столға ваза гүлімен.
Слайдтар
А3 қағаз, түсті фломастерлер, стикерлер
Критерий парағы
Ғылыми жоба толық мәтіні
Қосымша мәліметтер
Цифр жазылған карточка
Сабақ тақырыбы:
«Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде қойылатын талаптар». Сабақ мақсаты:
- 1. Оқушы жұмысын таныстыру кезінде ғылыми жобаның жазылу талабын қалай қолданғанын , ғылыми жобаны қорғау әдісін көру.
-2.Ғылыми жоба жұмысының жазу талабының негізгі кезеңдері және жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар критерийі бойынша дескриптор жасап үйрену