Сезiм бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет



Дата06.01.2022
өлшемі17,19 Kb.
#16111

Сезiм — бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр — өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи «Сезiмсiз адам — кесек, махаббатсыз адам – есек», — деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.
“Эмоция” ұғымының төркені – “емовера” деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһалану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі – эмоция – жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет