Шетелдік фирмалармен корпорациялардың инновациялық және инвестициялық саясаты



Дата15.03.2023
өлшемі19,59 Kb.
#74499
Байланысты:
9 инновациялық және инвестициялық саясаты


Шетелдік фирмалармен корпорациялардың инновациялық және инвестициялық саясаты.

Инвестиция - күрделі қаражат салымдары.


Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдap, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды әлеует,
несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады
Тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi
(жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып
табылады.
Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің
кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын
жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
1) венчурлық;
2) тікелей;
3) портфельдік;
4) аннуитеттік.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелі жоғары күрделі қаржыны салуды білдіреді.
Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын
инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Тікелей инвестициялар – бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және
осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция – бұл өзінің портфелін құраумен байланысты және
бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады.
Портфель – бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп
жинақталғанын, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне
қызмет көрсететін құралы.
Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық
бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар,
аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет – жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы.
Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі,
мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді.
Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың
мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау және т.б.).
Инвестиция тарту көздері:
• Өзін өзі қаржыландыру
• Тартылған қаржы
• Мемлекеттік қаржыландыру
• Қарыз қаражаттары
• Басқа да аралас қаржы көздері.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi­рiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.


Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализациялары жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд.200 млн АҚШ долларын құрайды.

2004 жылы 204 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.


Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.


Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.


Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін, жұмыс бір нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Ұйым құрылымы-фирма бөлімдері жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін тұтынушыларды зерттей білу керек, бәсекенің әр жақтарын білу керек және өндірістің құрылымын меңгеру қажет.

Ұйымдастырушы құрылым әр бөлімнің бір-бірімен деген байланысын қамтамасыз етеді және алға қойған мақсаттарына жету үшін, жауапкершілікті бөліп береді. Ұйымдастырушылар фирмалардың арасындағы байланысты да қадағалайды.



Ұйымдастыру жұмыстарын алға жылжыту үшін құқықтары жақсы білу керек, ең басты мақсаты басқарудың тиімділігін жоғарылату қажет.

Ұйымдастырушы структура ең бастысы фирманың барлық бөлімдерінде жақсы байланыс болғанын қалайды, олардың әр қайсының құқығын және жауапкершіліктерін бөліп береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет