Шыңғыс хан- 1152 жылы Моңғолиядағы Кендітау дейтін жерде, Есугей батырдың
отбасында дүниеге келген. Шын есімі Темучин. Шыңғыс хан деп аталуы: 9жасында әкесі
Есугей татарлардың қолынан қаза тапқандықтан Темучин өмірінде түрлі қиындықтар орын
алып, баланың әскери дамып, тайпаларды жаулап алуына себеп болады. Сөйтіп, 1206ж
ақсүйектер құрылтай жасап, Темучинді Есугей батырдан кейінгі хан сайлайды.Сол кезден
бастап Шыңғыс хан өте мықты стратег, лауазымды ел билеуші болады. Оның елді сеніп
тапсыра алған 4 ұлдары бар. Олар: Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле. Шыңғысхан осы
балаларына айрықша қарап, өз мұрагерлері санағандықтан, бірге ел жаулау,соғыс,елшілік
істеріне араластырып отырған. Шыңғыс хан 1207-1211ж.ж. Сібір мен Шығыс Түркістанды,
1211ж. Цзинь мемлекетін, 1215 ж. Бейжіңді, 1217 ж. Солт. Қытайды, 1219 ж. Корей
патшалығын толықтай бағындырады. Ал Орта Азия мен Қазақ жерін 1219-1221ж.ж. жаулап
алады. Сөйтіп қайтыс болар алдында балаларына, яки 4ұлына Моңғол жерін үлестіреді.
Солай, үлкен ұлы Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен
Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен
Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия
мен Тарбағатай аймағы берілді. Төлеге әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға қалдырды.
Шыңғыс хан Таңқұттарға шабуыл барысында 1227ж. қаза болады.
Алтын Орда-Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының өз үлесіндегі жерді Бату мен Орда-
Еженге үлестірген моңғол жеріндегі оңт. Ресей мен Қазақтан жерінің Батуға үлестірілген
ұлысы. 1235жылы құрылтайда Бату басқарушы болып жарияланды. Сол уақытта Бвту
Алтын Орда, яки Моңғол жерін ұлғайту үшін толассыз жорықтар жасап, жүлделі болады.
Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі
батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте -
Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік
Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де
Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал
орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы
Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді.Яғни Бату билеген жылдары орталығы
Сарай Бату болды, 1243-1255ж.ж.. Ал 1257-1266ж.ж. Берке билеуші болып қала атауы
өзгертілді. Беркеден кейін МөңкеТемір(1266-1280ж.ж.), Төле Мөңке(1280-1287ж.ж.), Төле
Бұқа(1287-1291ж.ж.), Тоөа-Темір(1291-1312ж.ж.),Өзбек(1312-1342ж.ж.) Алтын Орда
қағандары болды, мұрагерлік жолмен. Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір
дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп
есептеді. Және Берке өзге елдермен сауда, мәдени қарым-қатынастарды жақсарту арқылы
елді дамытты. Маңыздысы, Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс
арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара
достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери,
сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке кезінде ене бастаған ислам діні Өзбек хан
кезінде үстемді дін болып қабылданды.Өзбек хан медреселер сала отырып мұсылман дінін
тарауына үлкен септік тигізді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік
және мәдени даму дәрежесі әртүрлі, экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық
қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357 жылдары
Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші
топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп
дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық құртты. Оған бір дәлел, 1357-1380ж
арасында 25хан ауысуы, 14ғ аяғында Әмір Темірдің жасаған шабуылдары мен дүрбелең
кезеңнің басталуындағы ішаі және сыртқы фауьорлар әсерінен Алтын Орда мемлекеті
ыдырады.
3)Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар
мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Солардың бірі Ақ Орда. Ақ Орда
алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс
жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізді. Бұл Ұлысты Жошының екінші ұлы Орда-Ежен
басқарды.Орда еженнен кейін Күнқыран, Қоныш, Баян,Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак,
Шымтай, Ұрысхан, Қойыршақ, Барақ хандар басқарды.Ұрыс хан кещінде Ақ Орда әскери
саяси даму шегіне жетті. Бірақ та Темірдің соғысы кезінде Ақ Орда да қатты әлсіреді.Барақ
хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың
өлімінен кейін маңғыттық Едіге ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтың біраз бөлігіне өз
билігін таратса, солтүстікте шайбаниліктер бас көтере бастады. Шайбанилік Әбілқайыр Ақ
Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |