Шымкент қорғасын зауыты



бет1/5
Дата15.11.2023
өлшемі23,81 Kb.
#123291
  1   2   3   4   5

Шымкент қорғасын зауыты - Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты. Кеңес заманында Шымкентте ірі үш өндіріс орны болғаны белгілі. Олар – фосфор, шина жасау және қорғасын зауыты болатын. Бүгінде фосфор мен шина зауытының аумағы индустриялды аймақ құрылған. Ал қорғасын зауытына келсек, өндіріс ошағының жұмысы күн сайын түлеп, жанданып келеді. Қазіргі таңда нарықта зауыттың өндірген қорғасынына сұраныс өте жоғары. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты КСРО-дағы өндірілген қорғасынның 70 пайызын өндіргенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. 1934 жылдың 20 қаңтарында бірінші қорғасынын шығарды. Шымкенттегі қорғасын зауыты 30-шы жыл­дардың өзінде КСРО-да өндірілген қорғасынның 70 пайызын қам­тыған. Жаңадан жұмыс істей бастаған Шымкенттегі қорғасын зауыты бүкіл Кеңес Одағындағы қорғасын зауыттарынан 2 есе көп өнім беретін. ШҚЗ 1937 жылы КСРО-ның қорғасын өндірісінің 75,3 пайызын өндірді. 1939 жылдың 26 сәуірінде Калинин атындағы ШҚЗ КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығына сәйкес Ленин орденімен марапатталды. 1939 жылы ШҚЗ Қазақстанның 73,2% КСРОның 62,1% қорғасын өнімін шығарды.
ОҚО, Шымкент қаласы
Балқашмыс — Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы Бертіс шығанағында (Балқаш қаласынан 2 — 3 км) орналасқан. Ол алғаш (1938) Балқаш мыс және түсті металл өңдеу зауыттары мен Қоңырат мыс және Гүлшат қорғасын-мырыш кеніштерін біріктіру нәтижесінде Балқаш кен-металлургия комбинаты болып құрылған. 1997 жылы “Балқашмыс” акционерлік қоғамы болды. “Балқашмыс” негізінен тазартылған мыс, асыл және сирек кездесетін металл үгінділерін, қорғасын мен мырыш өнімдерін, никельді және оттексіз вайербарс тотияйындарын, молибден мен темір концентраттарын, селен, теллур, кадмий, рений тұздары мен қышқылдарын, аммоний перренаты мен күкірт қышқылын шығарады.
Қарағанды обл, Балқаш қаласы
"АЗИЯ АВТО" — Қазақстандағы автоқұрастыру зауыты. "Сарыарқаавтопроммен" қатар еліміздегі жеңіл автомобильдерді құрастыратын екі ірі кәсіпорынның бірі болды. 2000 жылғы 9 қарашада - "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында автоқұрастыру өндірісін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1684 Қаулысы қабылданды. "АЗИЯ АВТО" АҚ 2002 жылғы 9 желтоқсанда құрылды. жобаны дамытудың бірінші кезеңінде (2000-2002) кәсіпорынға шамамен 15 миллион АҚШ доллары салынды. Сериялық өндіріске шығарылған алғашқы автомобиль ВАЗ"Нива" автокөлігі болды.
ШҚО, Өскемен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет