Орындаған: Жұмабек Е
Құдайбергенов М
Қабылдаған: Базарбаев Р
Шошқаның атрофиялық
ринитіне қарсы шараларды
жоспарлау
*
Жұқпалы атрофиялық ринит – созылмалы түрде өтіп,
танаудың кілегейлі қабығының іріңді қабынуымен, кеңсіріктің
семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін
жұқпалы ауру.
*
Алғаш 1830ж. ауруды неміс ғалымы Франк сипаттады.
Ұзақ уақыт бойы ол жұқпайды деп есептелінді. Л.Радтке 1938ж.
ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе
жүзінде жұқтырып, аурудың жұқпалы екенін дәлелдеді.
*
Қоздырушысы – Bordetella bronchioseptica – Brucellaceae
тұқымдастығының Bordetella туыстастығына жатады. Көлемі 0,4-
0,5 х 1,5-2,5мкм, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін,
грамтеріс таяқша.
*
Төзімділігі. Қоздырушының төзімділігі әлі толықтай
зерттелмеген. Мал қораларында ауру қоздырушысы тіршілігін 16
тәулікке дейін жоймайды. Мұздатылған күйінде 4 айдан артық
сақталады.
*
Індеттік ерекшеліктері. Қалыпты жағдайда
ауруға шошқалар жасына қарамай бейім келеді, алайда
клиникалық белгілері 1-2айлық торайларда анық
білініп, олар жиірек шалдығады. Қоян, егеуқұйрық,
тышқан, теңіз тышқаны сияқты кемірушілер бейім
келеді, сирегірек ит, қой, құлын ауырады.
*
Ауру коздырушысының бастауы ауру шошқалар,
олар микробты сыртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде,
танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа
шошқалар көбінесе жасырын түрде ауырып,
қоздырушының таралуына себепші болады.
*
Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды.
Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру
малмен, әсіресе, тұқымдық малмен енеді
.
*
Өтуі мен симптомдары.
Аурудың жасырын кезеңі 7-
15 тәулік. Ауру негізінен
баяу өршіп созылмалы түрде
өтеді. Бас сүйегінің беттік
бөлігіндегі деформациялық
өзгерістер пайда болғанға
дейінгі аурудың клиникалық
белгілері өзіне тән
болмайды. Әдетте торайлар
ауруға туғаннан кейінгі
алғашқы күндері
шалдығады.
*
Аурудың алғашқы белгілері – зарарланғаннан
кейін 7-12 тәулік өткен соң, торайлар жиі түшкіріп,
танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады.
Қатты зақымданған жағдайда танаудан қан ағады.
Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі-іріңді болып,
көзінен жас ағып, төменгі қабағы ісіп, көздің ішкі
бұрышында қара дақтар пайда болады. Бұл кезеңде
мегежіндер мен торайлардың күтімі нашар болса,
торайлардың басым көпшілігінде (10-90) өкпе,
бронхының қабынуы және іші өту белгілері
байқалады. Нәтижесінде торайлардың бір бөлігі өліп,
қалғандары титықтап, өспей қалады
.
Атрофиялық ринит кезінде шошқа тұмысығының
қисаюы
*
Балау. Ауру табында жаға басталған кезеңде балау
қою белгілері қиындықтар туғызады. Ондайда барлық мал
басын клиникалық тексеруден өткізіп, ауруға күмәнді 3-4
шошқаны сойып, тексеріп қарайды. Ауруды анықтау
мақсатында рентген және риноскопияны пайдаланып, танау
сорасын ауру қоздырушысына тексереді. Бір ескеретін жәйт,
кейбір шошқа тұқымдарына жоғарғы танау терісінің
қатпарлануы, жақ сүйектерінің дұрыс беттеспеуі олардың
өзіндік тұқымдық ерекшеліктері болып есептелінеді.
*
Ажыратып балау. Атрофиялық ринитті тұмаудан,
өліеттенулік танау қабынуынан, энзоотиялық өкпе
қабынуынан ажыратады.
*
Дауалау және күресу шаралары. Ауруды дауалауда
шошқалардың күтімін, жемін дұрыс ұйымдастырып,
ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау қажет.
*
Торайлар мен мегежіндерге қысқы күндері жемге бор, ағаш
көмірі, балық майы, трикальций фосфат, йодты калийді қосып
беру керек.
*
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық атрофиялық
риниттен сау емес деп есептелініп, шектеу енгізіледі
.
*
Барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, 3 топқа
бөледі:
*
1. аурудың анық клиникалық белгілері бар шошқалар,
оларды оқшаулап, семіртіп етке өткізеді.
*
2. шартты сау шошқалар, яғни ауру шыққан топтағы басқа
шошқалар. Бұларды әр 5-6 күн сайын клиникалық тексеруден
өткізіп, ауруларын оқшаулап, семіртіп етке өткізеді. Мегежіннің
бауырындағы торайлардың біреуі ауырған күннің өзінде
қалғандарын енесімен бірге оқшаулап, семіртіп, етке өткізу
керек.
*
3. ауру байқалмаған сау топтағы шошқалар. Оларды
аурудан сақтандырудың шаралары жүргізіледі. Ол үшін
мегежіндерге торайланған күннен бастап жемге қосып,
антибиотиктер береді. Бір басқа шаққанда 10-15 күн бойына, күн
сайын 12-20г биовит-40, биомицин немесе террамицин 0,5-1г
дозада.
Достарыңызбен бөлісу: |