Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыОтправить письмомОтправить письмом
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.
Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдық және өзге де механизмдерін әзірлеу және енгізу сот қызметі тиімділігінің қажетті элементі болып табылады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі іске асыру 2018-2020 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, мыналар оның негізгі басым бағыттары болып табылады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әрі жүйелі басты шарты ретінде тәуелсіз сот төрелігін нығайту;
- заңнаманы одан әрі жетілдіру;
- сот процесіне қатысушылар арасында жүргізілетін кезеңдік әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту;
- соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақтылы тереңдету;
- соттардың жұмысының анықтығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып отырған алдын алу-профилактика шараларының тиімділігін арттыру.
I. Жоспардың мақсаты мен міндеттері
Жоспардың мақсаты: соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыздық ахуалын құру жолымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, судьялар корпусының бүкіл құрамы мен сот жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыруға көмектесу.
Жоспардың мақсаттық индикаторлары:
- сот төрелігін жүзеге асыру сапасы;
- сот жүйесі қызметкерлерінің халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы;
- қоғамның сот жүйесіне сенімі;
- елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделінің артуына және тиісті халықаралық рейтингтердің, оның ішінде Қазақстанның «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі рейтингінің жақсаруына ықпал ету.
Жоспардың міндеттері:
- соттарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды дереу жою;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу;
- сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктеріне қарсы әрекет жасайтын механизмдерді әзірлеу және енгізу;
- сыбайлас жемқорлық іс-қимылдары тәуекелінің мүмкіндіктерін азайту;
- судьялар корпусы, сот жүйесінің қызметкерлері мен қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру.
II. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі қағидаттары
Жоспар мына негізгі қағидаттарды сақтаудың қажеттілігіне құрылған:
- жүйелілік қағидаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін ғана анықтаумен шектелмеуге тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты одан әрі жою мақсатында оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты тұрақты негізде арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидаты. Заңды мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады;
- сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты. Азаматтар мен ұйымдар ақпаратты заңмен тыйым салынбаған тәсілмен еркін алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпараттарды заңға сәйкес ұсынуға міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуға тиіс.
III. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар
Мемлекет басшысының сот жүйесіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі шараларды қабылдау, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға жол бермеу жөнінде Судьялардың VI, VII съездерінде берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2015 – 2017 жылдардағы кезеңде бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, судьялар үшін сенім телефоны енгізілді.
Сенім телефоны судьялардың 2016 жылы қабылданған Судьялардың судья әдебі кодексін бұзу фактілері туралы, судьялардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы, үшінші тұлғалардың сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласу фактілері туралы телефон қоңыраулары арқылы түскен өтініштерін жедел қабылдауға арналған.
Облыстық және оған теңестірілген соттарда судья әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, олардың мақсаты судьялардың судья қоғамдастығының әдеп нормаларын сақтауын, оның ішінде процестен тыс байланыстарға жол бермеуді бақылау болып табылады. Комиссияларға жұртшылықтың заң бұзушылықтар туралы өтініштеріне дер кезінде ден қойып отыру міндеті жүктелді. Барлық судьялардың Судья әдебі кодексінде көзделген моральдық-әдеп нормалары мен жұмыстағы және тұрмыстағы мінез-құлық қағидаларын сақтауы да комиссия қызметінің нысанасы болып табылады.
Республика судьяларының Судья әдебінің кодексін сақтауы бойынша әдістемелік және ұйымдық басшылықты Сот жюриі жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |