Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар



бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі78,45 Kb.
#51967
  1   2   3
Байланысты:
Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар




Кіріспе

Пәндік жұмыс “Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар” курсынан алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту үшін белгіленген.


Пәндік жұмысты орындау алдында жылутехника, энергетикалық қондырғылар және газтурбиналы қондырғылар негіздері жөнінді дәріс оқылуы қажет.
Жұмыста газтурбиналы қондырғының жылулық есебі және шартты отын шығысын есептеу қарастырылған.

Тапсырма нұсқалары 1кестеде келтірілген.


1 К е с т е – Газтурбиналы қондырғының берілген мәліметтері



Нұсқа

Электірлік қуат, Nэ , кВт

Газ турбина кірісіндегі газ температурасы,
t3 , oC

Сығымдағыш кірісіндегі ауа температурасы,
t1 , oC

Регенерация дәрежесі, R

15

6000

660

16

0,7

Есептің өткізу мәліметтері:

ГТҚ-ның механикалық ПӘК-і – ηм = 0,995;


турбинаның ішкі келтірілген ПӘК-і ηoi = 0,88;
электр генератордың ПӘК-і – ηг = 0,96;
сығымдағыштың ПӘК-і ηк = 0,85;
жану камерасының тиімділік коэффициенті ηкс = 0,99;
регенерация дәрежесі R = 0,7;
сығымдығыш кірісіндегі ауа температурасы t1 = 16 оС;
газ турбина кірісіндегі газ температурасы t3 = 660 оС;
электрлік қуат мөлшері Nэ = 6000 кВт.


1. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның жылулық есебі

Ауа мен газ температурасы мөлшері:


Т1 = t1 + 273 = 16 + 273 = 289 оК; Т3 = t3 + 273 = 660 + 273 = 933 К ;


ГТҚ атқаратын пайдалы жұмыс мөлшері: ℓп = ℓт – ℓк ; әлде


п = (Ср∙Т1/ ηк)∙[(P2/P1)(k-1)/k –1]∙{(T3/T1)∙[(ηoi∙ηк)/(P2/P1)(k-1)/k] –1}; ( 1 )

мұнда: қысым жоғарлату дәрежесі (сығылу коэффициенті) λ = P2/P1;


адиабата дәрежесі k = 1,41 .
Сығымдағыштағы тиімді қысым жоғарлату дәрежесінің мөлшерін (λопт) табу үшін (1) теңдеуінің оң жағының туындысын нөлге теңдеу арқылы табуға болады.
Егер (1) теңдеуіндегі келесі мөлшерлерге басқаша белге берсек:

(k – 1)/ k = m; (Ср∙Т1/ ηк) = α; (Т31)∙ηoi∙ηк = β;


келесіні табамыз: ℓ = α∙(λm – 1)∙( β/λm – 1);


мысалы ℓ = у ; λm = х тең болса, онда у = α∙( х – 1)∙( β/х – 1);


өзгерту ден соң: у = ( β – х – β∙х -1 + 1);


туынды: у' = α∙( -1 + β∙х -2); α∙( β/х2 – 1) = 0; β/х2 – 1 = 0; β/х2 = 1;


___
х2 = β; х = √ β ;

Есеп өткіземіз: β = (Т31)∙ηoi∙ηк = ( 933/ 289)∙0,88∙0,85 = 2,415;


х мөлшерін табамыз:


__ ______
х = √ β = √ 2,467 = 1,554;

сонымен λm = 1,554; m = (k – 1) / k = (1,41 – 1)/ 1,41 = 0,29 ;


λ0,29 = 1,57 ; λопт = (1,554)1/ 0,29 = 4,572;


Ең жоғары пайдалы жұмыс мөлшері (ℓп) тиімді қысым жоғарлату дәрежесінің λопт кезінде болады.


Сығымдағыштың меншікті жұмыс мөлшері:


к = Ср∙( Т1 – Т2) = Ср∙∆Тк ;


Сығымдағыштағы ауаның температура жоғарлауы:


∆Тк = Т1∙( λm – 1)∙( 1 / ηк) = 289∙( 1,554 – 1)∙( 1/ 0,85) = 188,36 К;


Сығымдағыштың меншікті жұмыс мөлшері:


к = Ср∙∆Тк = 1,0∙188,36 = 188,36 кДж/кг;


Турбинадағы меншікті жұмыс мөлшері:


т = Ср∙Т3∙( 1 – 1/ λm)∙ηoi = 1∙933∙( 1 – 1/ 1,554)∙0,88 = 292,7 кДж/кг;


Пайдалы жұмыс: ℓп = ℓт – ℓк = 292,7 – 188,36 = 104,34 кДж/кг;


Газдың меншікті шығысы: g=3600/ℓп=3600/ 104,34 = 34,5 кг/кВт∙сағ;


Жұмыс газдың толық шығысы:


Dг = g∙(Nэг∙ηм) = 32.528∙(6000/ 0,96∙0,995) = 103153,3 кг/сағ = 56.76 кг/с;


Сығымдағыштын соңғы ауа температурасы:

Т2 = Т1 + ∆Тк = 289 + 188,36= 477.36 К; t2= 204,36 oC;


Турбинадан соңғы газ температурасы:


Т4 = Т3 – Т3∙(1 – 1/ λm)∙ ηoi =933 – 933∙( 1 – 1/1,554)∙0,88 = 600,386 К;


t4 = 327,386 oC;


Рененератордан соңғы ауа температурасы:


Т5 = Т2 + R∙( Т4 – Т2) = 477,36 + 0,7∙( 600,386 – 477.36) = 563,478 К;


ГТҚ-ға меншікті жылу шығысы ГТУ:


qкс = Ср∙( Т3 – Т5)∙( 1/ ηкс) = 1∙(933 – 563,478)∙(1/0,99) = 373,254 кДж/кг;


ГТҚ-ның ішкі ПӘК-і: ηв = ℓп / qкс = 104,34 / 373,254 = 0,280;


Ауаға берілген жылу мөлшері: Qкс = qкс∙Dв = В∙q ;


Бұнымен бірге отын шығысы: В = Dг – Dв ;


Осы теңдеулердің бірге өткізілетін шешімдері:


373,254∙Dв = В∙29309; В = 56.76 – Dв ;

373,254∙Dв = (56.76 – Dв)∙29309;


(357.77 / 29309)∙Dв = 56.76 – Dв ;


1,012∙Dв = 56.76;


Dв = 56.76/ 1,012 = 56.08 кг/с;


Шартты отын шығысы:


В = Dг – Dв = 56.76 – 56.08 = 0,68 кг/с = 2448 кг/сағ;


Шартты отынның меншікті шығысы:


b = В / Nэ = 2448 / 6000 = 0,408 кг/кВт∙сағ;


Қарапайым регенеративті газ турбиналы қондырғының (ГТҚ) сүлбесі және жылулық құбылысының Т-S диаграммасындағы көрінісі 1-ші және 2-і суреттерде көрсетілген.





1 сурет. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның сүлбесі.



2 Сурет. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның жылулық құбылысының Т-S диаграммасындағы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет