Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолулар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатыны-Internet Explorer.
Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосурет сілтеме бола алады.
Сілтеме бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады. Сілтеме бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.
Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз.
Беттің жүктелуін тосамыз.
Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.
Бет жүктелгеннен кейін өзінізді қызықтыратын ақпаратты оқып, көшіріп, сақтап, қағазға басып шығара аласыз.
Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті.
Источник: https://www.tarbie.kz/10368
Достарыңызбен бөлісу: |