Реферат
Тақырыбы:Сүйектердің сынуы,оларға жедел көмек
Орындаған:Комунарова Д
Тексерген:Орынбай.Г
Мамандығы:Стоматология
Тобы:204Б
Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе
жылдам әсер етуші механикалық күштің ықпалынан болған сүйек
тұтастығының бұзылуы.
Сынықтардың жіктелуі
1. Этиологиясына байланысты сынықтар толық және толық емес
немесе жарық, сызат(fissure) болып бөлінеді.
2. Табиғатына байланысты – туа біткен және жүре пайда болған
болып бөлінеді.
3. Жұмсақ тіндердің зақымдалу сипатына байланысты сынықтар
ашық және жабық болып бөлінеді.
4. Орналасу орнына байланысты сынықтар эпифизарлы,
метафизарлы, дифизарлы болып бөлінеді.
5. Зақымдалу механизміне байланысты қысылудан, бүгуден,
бұраудан болған сынықтар және жұлынған сынықтар болып
бөлінеді.
6. Сынық сызығының сүйек білігіне орналасуына байланысты
сынықтар бойлы, көлденең, қиғаш және бұрамалы болып
бөлінеді.
7. Сынған сүйек ұштарының орналасуына байланысты сынықтың
ығысқан және ығыспаған түрлерін ажыратады.
8. Сынықтардың дара және көптеген түрлерін ажыратады.
9. Сонымен бірге жай және асқынған сынықтар болып бөлінеді.
Сынықтардың жалпы белгілері: ауыру сезімі, ісік, патологиялық қозғалыс,
сықырлау, деформация- дене мүшесінің формасының өзгеруі, сынған дене
мүшесі қызметінің бұзылуы, сынған қол – аяқтың салыстырмалы қысқаруы.
Жабық сынық дегеніміз – сынған жерде тері бүтін, жара жоқ – яғни инфекция
үшін кедергі бар.
Ашық сынық кезінде жара бар, яғни сынған жер сыртқы ортамен қатынаста
болады, сондықтан ашық сынық қауіптірек. Сынықтың қай түрінде болмасын
– қан жоғалту орын алады.
Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек:
Ең алдымен жарақат алған адамды тыныштандыру керек, жылы сөз айтып,
оған көмек көрсетілетінін, оның жалғыз еместігін сездіру қажет. Ашық
сынық кезінде жараға асептикалық танғыш салынады. Егер қан кету орын
алса бірінші кезекте қан тоқтату керек. Ұсақ артериялар және веналардан,
капиллярлардан қан кету көп жағдайларда өздігінен тоқтайды. Ірі қан
тамырлардан қан кетудің өздігінен тоқтауы сирек болады. Сондықтан қан
кетуді уақытша тоқтатудың әдістерін де білу қажет. Негізгі әдістеріне
төмендегілерді жатқызамыз:
•
Жгут салу
Өте сенімді әдіс – жгут салу, дегенмен ол негізінен қол-аяқтарға
қолданылады.
•
Артерияны саусақпен басу
Артерияны саусақпен басуды дұрыс орындағанда, қан кетуінің тоқтауына
әкеледі, бірақ ол қысқа уақытқа, қан тамырды 15-20 мин артық басып тұру
қиын.
•
Жарадағы қан тамырды саусақпен басу
Жарадағы қан тамырды саусақпен басуды шұғыл жағдайларда, кейде
операция уақытында іске асырады.
Онан соң ауыру сезімін басатын дәрі беру керек. Мүмкіншілік болса дәріні
екпе түрінде қолданған жөн. Тіпті дәрі іше алмайтын адамға таблетканы
ұнтаққа айналдырып ұнтақты тілінің астына сеуіп, сол жерге жарты шай
қасық жылы су кұю да ұсынылады. Келесі қадам – сынған жерді
қозғалмайтындай етіп таңу. Ол үшін кез келген затты, атап айтқанда, әр түрлі
тақтайшалар, бүктелген қатты картон қағаз, бұтақтар, оқтау, шаңғы, шаңғы
таяқтары,т.с.с. қолданылады. Тіпті еш нәрсе болмаған жағдайда сынған
аяқты сау аяққа, сынған қолды денеге ыңғайлы жағдайда таңу қажет. Таңғыш
заттар денені қажамас үшін – таңып байлар алдында, шығыңқы буын
сүйектері тұсына жұмсақтап дәке немесе мақта салған жөн. Мынандай
ережені есте ұстаған дұрыс: кемінде сынған жерден төмен және жоғары
орналасқан екі буын қамтылуы керек, мысалы, шынтақ және балтыр
сүйектері сынғанда, шынтақ және білезік буындары, тізе және тобық
буындары, ал білек және сан сүйектері сынғанда үш буын, атап айтсақ
білезік, шынтақ, иық буындары немесе тобық, тізе, жамбас буындары
қамтылуы керек. Науқасты жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған дұрыс.
Қолдары сынған науқастарды отырған қалыпта, аяқтары сынғанда – жатқан
қалпында, ал жамбас сүйектері сынғанда – «бақа» тәріздес қалпында
тасымалдау керек. Омыртқа сүйектерінің сынуына күдік болса,
зақымданушыны қатты зембілге жатқызып тасымалдау керек, мойын
омыртқаларының сынуына күдік болса міндетті түрде мойынды
қозғалмайтындай етіп таңу қажет. Ал омыртқалардың компрессионды
сынықтарында науқасты ішіне жатқызып, қолын иегінің астына
орналастырғызады да, жұмсақ зеңбілмен тасымалдайды. Егер зеңбіл қатты
болса, науқасты арқасына жатқызып, сынған омыртқалардың астына валик
қояды. Қабырғалар сынған жағдайда көрсетілген көмектен кейін науқасты
отырған күйде тасымалдаған жөн.
Көмек көрсетілген соң, зақымданушыны ыңғайлы жағдайда жақын
медициналық мекемеге жеткізу қажет. Мүмкін болса жедел жәрдемді оқыс
оқиға орын алған жерге шақырған жөн. Барлық жағдайда да
зақымданушының жалпы халі – қан қысымы, пульсі, тыныс алуы, ақыл есі әр
уақытта назарда болуы шарт. Нақасты шоктан шығарғаннан кейін,
қансырауды тоқтатып, аққан қанның орнын толтырғаннан соң ғана, сынықты
белсенді емдеуге кірісуге болады.
Сүйек сынған кезде медицина қызметкерлері оны сүйек сынуы деп атайды. Бұл үзіліс
сүйектің пішінін өзгертеді. Бұл үзілістер тікелей сүйекте немесе оның ұзындығында
болуы мүмкін. Сынық сүйекті екіге бөлуі немесе бірнеше бөлікке қалдыруы мүмкін.
Сүйек сынуының қандай түрлері бар?
Медициналық провайдерлер әдетте сүйек сынуын оның ерекшеліктеріне қарай жіктей
алады. Санаттар мыналарды қамтиды:
▪
Достарыңызбен бөлісу: |