Байланысты: Language Arts Subject for Elementary - 1st Grade The Sounds of o and b by Slidesgo
СИНОНИМ. АНТОНИМ. ОМОНИМ. ПОЛИСЕМИЯ.
O
B
Here is where your presentation begins
Синоним дегеніміз не?
Мағынасы жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Синонимдес сөздер әр баска ұғымды емес, бір ұғымды әр түрлі жақтан белгілейтін атаулар. Мысалы: 1) мәлімет, ақпар, дерек; 2) мәлім, мағлұм, аян, белгілі; 3) уақыт, мезет, мезгіл, мерзім, кез, кезең, шақ; 4) жорамалдау, долбарлау, тұспалдау, топшылау, болжау, межелеу т. б.
Сөздердің осы тәріздес мәндес топтары тіл-тілдің бәрінде де кездесе береді. Мысалы, орыс тілінде мынандай синонимдер бар: 1) вежливый, учтивый, любезный, деликатный, корректный, обходительный; 2) помогать, содействовать, способствовать, пособлять; 3) спор, словопрение, прения, полемика, дискуссия, диспут, дебаты.
Синонимдік қатардың құрамындағы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына енетін сөздерден жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның құрамына енетін сыңарлардың барлығы да не бірөңкей зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есім сөздерден немесе бірөңкей етістік сөздерден болуы керек. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар. Мысалы: Зат есімдерден болған синонимдер:өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, мүсін, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай т. б. Сын есімдерден болған синонимдер:салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды, ұстамды; сұлу, әдемі, көркем, көрікті, ажарлы т. б. Етістіктерден болған синонимдер:сауығу, жазылу, айығу; амандасу, сәлемдесу; әзілдесу, қалжыңдау; жолығу, кездесу, ұшырасу т. б. Есімдіктерден болған синонимдер:барлық, барша, бүкіл, күллі, түгел, тамам, бәрі т. б. Үстеулерден болған синонимдер:таяуда, жуырда, жақында, жуықта т. б.
OoOo
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ескі - жаңа, ауыр-жеңіл, алыс - жақын, ақ - қара, ащы - тұщы, бар -жоқ, арзан - қымбат, ашық - жабық, ыстық - суық, өмір - өлім, алғыс- қарғыс, жастық - кәрілік т. б.
Сөздердің бәрі бірдей өз ара синонимдес бола бермейтіні тәрізді кез келген сөз өзара антонимдес бола бермейді. Мысалы, киім, дәптер, қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) табылуы мүмкін емес. Тіл-тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен антонимдес болып келеді. Мысалы, әдетте ащы деген сапалық белгіге тұщы деген сапалық белгі қарсы қойылып айтылады.
Антоним дегеніміз не? Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі - жас, дұрыс - бұрыс, түзу - қи-сық, терең - саяз, адал - арам, оң - теріс, үлкен - кіші, ірі - уақ, арық - семіз, жуан - жіңішке, ыстық-суық, қалың - жұқа, жақсы - жаман, кең - тар, аш-тоқ, оңай - қиын, араз - тату т. б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік - шын, пайда - зиян, бақ - сор, бай - кедей. Туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің де, туынды етістіктерден жасалған антонимдердің де негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер екені байқалады. Мысалы: 1) тарлық - кеңдік, аштық - тоқтық; жақсылық - жамандық, жастық - кәрілік т. б.
2) ақтау - қаралау, алыстау - жақындау, арзандау - қымбаттау, жаңару - ескіру; қартаю – жасару т. б.
Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Мысалы: бері - әрі, ілгері - кейін, жоғары-төмен, ерте - кеш. Сонымен, сын есімдерден басқа сөз таптарынан жасалған антонимдер тілде сирек ұшырасады.
Омонимдер (гректің homos-біркелкі және оnуma ат атау деген сөздерінен алынған) - бірдей дыбысталып немесе бірдей жазылып, мағыналары басқа-басқа болып келетін сөздер. Мәселен, ат - көлік, төрт түліктің, жан-жануардың бірі; ат - етістік (мылтықты ат); ат- ауыспалы мағынада айт, сөйле (сөзді атып-атып жіберді, айтып-айтып тастады, төнелетіп-төпелетіп тастады, лақ еткізді т. б. мағынада).
Омоним дегеніміз… OoOo
O
OoOo
Сөздің көп мағыналығын полисемия (гректің көп мағына деген сөзі) деп атайды. Дәлдеңкірей түссек, бір сөздің әр түрлі контексте әр түрлі мағына беруін полисемия деп атайды. Мәселен, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (І том) басдеген зат есімнің бірнеше мағынасы келтіріледі: 1) адам мен айуан дүниесінің көз, мұрын, ауыз, құлақ
т. б. орналасқан мүшесі; 2) шөптің, ағаштың, түрлі өсімдіктің ең жоғарғы жағы, төбесі, ұшы; 3) таудың, қырдың, мұнараның т. б. төбесі, биік жері, ұшы, ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері, жоғарғы жағы; 5) таяқтың т. б. сондай нәрселердің жуандау, жұмырлау жағы (таяқтың басы); 6) балтаның, шоттың т. б. саймандардың жүзі бар жағы (айбалтаның басы); 7) бір нәрсенің айналасы, қасы (от басы, ток басы); 8) кісінің жеке дара өзі, адам (Басы аманның - малы түгел); 9) сан мөлшерін есептеу амалы, дана (қой саны - бір мың бас); 10) қызметі жоғары адам, басқару ісін жүргізуші т. б.
Омонимдердің полисемиядан айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Омонимдер мен полисемияның ұқсастығы екеуінің де бірдей дыбысталатындығы, ал айырмашылығы - омонимдер бірдей дыбыстала отырып, мағынасы жағынан басқа-басқа болатындығы да, полисемияға жататын сөздер - мағыналары жағынан жақын болып келетіндігі.
OoOo