Сырдария облысындағы азаттық қозғалыс және Түркістан автономиясы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі205,89 Kb.
#139567
  1   2


 
Сырдария облысындағы азаттық қозғалыс және Түркістан 
автономиясы 
Салмырза Ж.І.
(Түркістан, Қазақстан) 
1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған тӛңкерістің нәтижесінде билік басына 
В.И.Ленин бастаған большевиктер келеді. Олар елдегі аса күрделі жағдайды мұқият 
бағалап, мемлекеттік дағдарыс пен ӛнеркәсіптік тоқырауды және жоқшылық пен 
күйзелушілікті ӛз мүдделеріне шебер пайдалана білді. Ресейде басталған қарулы кӛтеріліс 
елдің аса ірі қалалары мен ӛнеркәсіпті орталықтарымен қатар шеткері аймақтарға да тез 
тарады. Кеңес ӛкіметі Қазақстанның әр аймақтарында әртүрлі уақытта орнатылды. Ал 
қазақ жеріндегі алғашқы кеңестердің билігі 30 қазанда Перовскіде пайда болады.
А.Байтұрсынов жазғандай «Қазақтарға Ақпан тӛңкерісі қаншалықты түсінікті болса, 
Қазан социалистік тӛңкерісі соншалықты түсініксіз кӛрінді. Бірінші тӛңкерісті қандай 
қуанышпен қарсы алса, екінші революцияны соншама үреймен қарсы алуға тура келді»
 
[1, 
с.29].
Большевиктердің шынайы тәуелсіздік пен демократия жолы деп келген қазақ 
даласындағы Кеңес ӛкіметінің жеңісі, іс жүзінде патшалық Ресейдегіден де күшті 
диктатураға, бюрократиялық жүйені орнатуға апаратын жол болып шықты. Мемлекеттік 
түрге орнаған революциялық зорлық-зомбылық жаңа қоғамдық қарым-қатынасты енгізіп, 
қолдап отырды. Ал олар үшін Қазақстанда объективті жағдайлар орныққан жоқ болатын. 
Ресейде ұлттық мәселе бойынша «маман» болып есептелетін И.В.Сталин 1919 жылы деп 
жазды: «Шығыс жақтар, татарлар мен башқұрттар, қырғыздар мен ӛзбектер, тәжіктер, ең 
ақыры бірқатар этникалық топтар мәдени жағынан артта қалған немесе орта ғасырлық 
заманнан әлі шықпаған не жақында ғана капиталистік даму аумағына түскен халықтар» [2, 
143 б]. 
Шынында да, Ресейде болған тӛңкерістен кейін революциялық оқиғалар шет 
аймақтарға тарай бастады. Бірақ бұл жердегі, әсіресе қазақ даласындағы оқиғалар 
жергілікті халықтың революциялық белсенділігі емес, сырттан әкелінген факторлардың 
жемісі болды. Қазақ даласындағы Кеңес ӛкіметі әрбір қалада, ірі мекендерде 
қызылгвардияшылар мен жұмысшы әскери жасақтарының қылышына сүйене отырып 
құрылды.
Қазан тӛңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әр түрлі сылтаулармен жергілікті 
халықты билік орындарына қатыстырмады. Мәселен кейін Ташкентте 1917 жылы 16 
қарашада құрылған Түркістан халық комиссарлары кеңесінде бірде-бір түркістандық 
болмай шығады. Халком кеңесінің алғашқы мәжілісінің ашылуына бір күн қалғанда, оның 
тӛрағасы Колесов: «Жоғары органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір 
пролетарлық ұйым болмағандықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оларға 
деген кӛзқарасы әрқилы болып отырғандықтан да мүмкін емес»-деп мәлімдеген [3, с.63]. 
Патша заманында жергілікті халықтар ӛкілдерінің үкімет құрамына ӛтуіне 
«бұратана» болғандығы сылтау болса, енді кеңес үкіметінің құрамына ӛтуіне «пролетар 
еместігі желеу болды».
Петроградта Қазан тӛңкерісі нәтижесінде Уақытша үкіметтің құлатылып, билікке 
большевиктер партиясының келуімен түркістандық большевиктер ӛлкеде жергілікті 
ұйымдардың қарсылық кӛрсетуіне қарамастан Кеңес ӛкіметін орнатуға ұмтылды.
Сол уақыттағы қазақ зиялылары большевиктердің әрбір аяқ алысын бақылап былай 
деп жазады: «Олардың Троцкий дегені жақында бір сӛйлеген сӛзінде бұл үлкен ӛзгерісті 
Русияда тәжірибе қылып қарайық деп жүрміз дегенді айтты. Олардың нағыз шын ниеттері 
сол екені рас. Олар Русияға оның қонбайтынын білсе де «әйтеуір бір тәжірибе болсын-
неміз кетеді» деген ойда жүр. Соның үшін Русияға шын жаны ашыған, анық халық 
азаматтары бұл іске жан-тәндерімен қарсы» - деп халықтар тағдырына деген 
жауапкершілік жүгінің ауыр екенін кӛрсетеді [4, 46 б].


Большевиктерге қарсы Түркістандағы мұсылман ұйымдары қарсы кӛтерілді. Әсіресе 
«Шуро-и-уламо» ұйымы барынша қарсылық кӛрсетіп, халықты Уақытша үкіметке және 
оның жергілікті ӛкілдеріне қолдау кӛрсетуіне шақырды. 1917 жылы 27 қазан күні 
Түркістан ӛлкесі мұсылмандары Орталық кеңесінің мәжілісі бас комиссар 
П.А.Коровиченко мен оның кӛмекшісі Г.И.Доррерге толық сенім артатындығын, 
мұсылмандар оларға кӛмек кӛрсетуде еш күшін аямайтындығын танытты [5, 99-100 бб]. 
1917 жылы 27 қазан күні Ташкентте жұмысшы-солдат депуттары кеңесінің мәжілісі ӛтіп, 
онда қарулы кӛтеріліске шығу туралы шешім қабылданып, қарулы кӛтеріліске басшылық 
ететін революциялық комитет құрылды. Бірақ қаладағы ұлттық демократиялық күштер 
жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің Ташкенттегі тӛңкерісіне бірден қарсы шықты. 
Мұсылмандық ұйымдардың жетекшілері мен белсенді мүшелері мұсылман халықтары 
атынан кеңестердің билікті күшпен тартып алуына ашық наразылық танытып, «ӛлкедегі 
билік Түркістан комитетінің мүшелері – Шкапский, Тынышбаев, Иванов және Шоқай 
қолында болуы тиіс» деп мәлімдеді [6]. Дегенмен 1917 жылы 2 қарашада ӛлкелік 
жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі Түркістан ӛлкелік атқару комитетін құру туралы 
шешім қабылдайды. 9 адамнан тұратын бұл комитетке жергілікті халықтың кеңесі мен 
ӛлке мұсылмандарының орталық кеңесінен екі-ақ ӛкіл кіретін болып шешіледі. Сондай-ақ 
Түркістан ӛлкелік атқару комитеті 15 қарашада демократиялық ұйымдар мен қалалық 
думалардың бірлескен ӛлкелік съезі ӛтетіндігі, онда билік мәселесі қаралатынын жайында 
хабар таратады. Міне осыған байланысты ӛлкедегі барлық мұсылман ұйымдар бұл съезге 
әзірлік жұмысын жүргізу керектігін ескере отырып, ӛзара бірлескен кеңесін ӛткізудің 
қажеттігі туралы мәселе кӛтереді [7, с.24]. 
Кеңес қараша айының 12-15 аралығында Ташкент қаласында ӛтіп, оған Түркістан 
ӛлкесі мұсылмандары орталық кеңесінің тӛрағасы М.Шоқай да қатысады. Кеңеске 
С.Лапин тӛрағалық жасап, күн тәртібіне ӛлкедегі билікті ұйымдастыру жайын 
қарастыруды басты мәселе етіп қояды. Сонымен қатар делегаттар кеңесті Түркістан ӛлкесі 
мұсылмандарының ІІІ съезі деп атау жӛнінде шешім қабылдайды.
Бірақ та «Шуро-и-уламо» ұйымының мүшелері М.Шоқайдың ұсынысын қолдау 
кӛрсетпейді. Олар ӛлкедегі билікке қол жеткізу үшін жұмысшы-солдат депутаттары 
кеңесімен, большевиктермен мұсылмандар белгілі дәрежеде ымыраға келу қажет деп, 
жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің ӛлкелік ІІІ съезіне мұсылмандардың ӛкілдерін 
жібергеніміз дұрыс деген пікірлерін білдіреді. Бұл ұсынысқа делегаттардың кӛпшілігі ӛз 
дауыстарын бергеннен кейін, жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің ІІІ ӛлкелік съезіне 
қатысу үшін 5 кісі сайланады. 1917 жылы 15 қарашада Ташкентте жұмысшы-солдат 
депутаттары кеңесінің ӛлкелік ІІІ съезі басталып, оған мұсылмандардың атынан С.Лапин 
бастаған 5 ӛкіл қатысады. Съезде негізінен саны жағынан солшыл эсерлер мен 
большевиктер фракциясы басымдылық танытады [8, 4 п]. 
Кеңестердің ӛлкелік ІІІ съезінде С.Лапиннің ӛлкелік билікті ұйымдастырудағы 
ұсынысы ескерусіз қалып, бар билік жұмысшы-солдат депутаттары кеңестерінің қолына 
ӛтетіндігі туралы қаулы қабылдануы С.Лапин бастаған «Шуро-и-уламо» ұйымы 
мүшелерінің съезді тастап кетуіне түрткі болды. С.Лапиннің бұл әрекеті кеңестердің 
шешімімен келіспейтіндіктің белгісі еді [5, 105 б]. 
Большевиктердің пролетариаттың таптық мүддесін ӛлкенің ӛзге тұрғындарының 
мүддесінен жоғары қою принципі ұлттық жұмысшы табы мен пролетарлық қозғалысы 
жоқ Түркістандағы нақтылы тарихи жағдайға мүлдем үйлеспейтін. Ӛлкедегі билікті 
ұйымдастыруда ұлттық демократиялық ұйымдардың ауызбіршілік танытып, нақты 
әрекеттерге кӛшпеуін, Құрылтай жиналысына сенім артуын пайдаланған большевиктер 
партиялық, таптық принципке сүйеніп, ӛлке халқының тағдырын шешуді ӛз қолына аоып, 
Түркістан ӛлкесінің кӛп миллионды мұсылман халықтарын ӛлкені басқару ісіне 
араластырмауға бел буды. 
Осылайша Кеңестердің ІІІ съезінің шешіміне сәйкес Түркістан ӛлкесінде кеңестік 
билікті орнықтыру шаралары тез арада қолға алына бастады. Бұл істе большевиктер мен 


оларды қолдаған солшыл эсерлер жетекшілік еткен, ӛлке тұрғындарының мардымсыз ғана 
бӛлігін құраған орыс жұмысшылары мен солдаттары шешуші роль атқарды. 
Кеңестер мен оның жазалау органдары большевиктер билігін мойындамаған 
партиялар мен ұйымдарға қарсы ымырасыз күрес жүргізді. «Шуро-и-уламо» мен «Шуро-
и-ислам» ұйымдары ӛкілдері кӛпшілік орынды иемденген Ташкент қалалық думасы 
таратылып, ол ұйымдардың мерзімді басылымдары жабылды. Мұндай тақсыретті ӛлкедегі 
жалпыресейлік буржуазиялық және ұсық буржуазиялық партиялардың ӛкілдері де тартты 
[5, 106 б]. М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан ӛлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі 
ӛлкеде қалыптасқан осындай ахуал жағдайында Ташкентте жұмыс істеу мүмкіндігі 
шектеулі болғандықтан, Қоқанға кӛшеді [9, 342 б]. 
Түркістан ӛлкесі мұсылмандары орталық кеңесінің ұйымдастыруымен 1917 жылы 26 
қарашада Қоқан қаласында ІV тӛтенше ӛлкелік мұсылмандар съезі жұмысын бастап, күн 
тәртібіне Түркістанды басқару формасы, Түркістанның «Оңтүстік-шығыс одаққа» қатысы, 
атқару комитеттеріне сайлау, Түркістан ӛлкелік Құрылтай жиналысы, милиция құру, 
қаржы және тағы басқа да мәселелер қойылды [10, 212 б].
Түркістанды басқару формасы туралы мәселені талқылау барысында сӛз 
алғандардың барлығы дерлік түркістандық большевиктердің ұстанған саясатын сынға 
алып, олардың жергілікті халықтардың ішкі істеріне араласуы ешқандай сын кӛтермейді 
деп бағалады. Съезге қатысушылар Түркістанның саяси құрылысы мәселесінде бір 
шешімге келіп, жаңадан құрылған мемлекеттік құрылымды Түркістан мұхтарияты деп 
атау жӛнінде шешім қабылданады. Түркістан мұхтариятындағы билік ӛлкелік Құрылтай 
жиналысы шақырылғанға дейін Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халықтық 
жиналысының депутаттарының қолына ӛтеді. Уақытша ұлттық кеңеске сайланғандардың 
арасына негізгі тұрғындары қазақтар болып табылатын Сырдария облысынан 11 ӛкіл 
кірді [11, с.313].
Уақытша ұлттық кеңес 12 орыннан тұратын Түркістан мұхтариятының Уақытша 
үкіметін бекітіп, оған М.Тынышбаев, И.Шагиахмедов, М.Шоқай, У.Қожаев, Ю.Агаев, 
О.Махмұдов, Ә.Оразаев, С.Герцфельд мүше болып кіреді. Осылайша Ташкенттегі 
Түркістан халық комиссарлары кеңесіне балама Қоқанда Түркістан мұхтариятының 
Уақытша үкіметі құрылып, ӛз қызметін бастады. Бұл Түркістан ӛлкесінде қос биліктің 
орнауы болатын.
Ӛкінішке орай ӛлкелік халық комиссарлар кеңесі Түркістанда тек қана кеңестік 
билік салтанат құратынын мәлімдеді. 1918 жылы 20-26 қаңтар аралығында Ташкентте 
ӛткен ӛлкелік ІV кеңестер съезінде сӛз алған большевик Г.И.Павлюченконың шовинистік 
пиғылда екенін айқын кӛрсетті. Ол жергілікті халықтың «ӛлке қожайыны» болуына үзілді-
кесілді қарсы шығып, еуропалық революцияшыл демократтарды «қараңғы мұсылман 
бұқарасын артына ертуге талпынған ұлттық буржуазияның құрған автономиялық 
үкіметін» қарудың күшімен құлатуға шақырды [12, с.138-139]. Сӛйтіп, ӛлкелік 
кеңестердің ІV съезі «Қоқан автономиясы үкіметі мен оның мүшелерін заңнан тыс деп 
жариялау» жӛнінде қаулы шығарып, Түркістан мұхтариятын тарату жӛнінде шешім 
қабылдайды [13, с.127].
Кеңестердің осындай шешім қабылауына сәйкес Түркістан мұхтариятының Уақытша 
үкіметі қорғаныс мақсатында шұғыл шараларды қолға алуға кіріседі. Уақытша үкіметтің 
жаңа басшысы М.Шоқайдың бұл бағытта жасаған қадамдары нәтижесінде Түркістан 
автономиясының әскері 2000-ға жетеді. Оларды кеңестер үкіметіне қарсы болған орыс 
офицерлері әскери іске үйретті [14, с.45]. 
Қоқан қаласындағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 1918 жылы 28 қаңтардағы 
мәжілісінде Түркістан мұхтариятын қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрады. 
Бірақ Түркістан мұхтарияты шапшандық танытып, 29 қаңтар күні маңызды әскери орын 
болып табылатын жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі орналасқан Қоқан қамалына 
шабуыл жасайды. Бірақ қамалды алу жүзеге аспай қалады. Сол күні Қоқан жұмысшы-
солдат депутаттары кеңесі қалалаық тӛтенше ӛкімет органын – революциялық комитет 


құруды ұйғарып, оның тӛрағасы етіп Е.А.Бабушкинді тағайындайды. Қоқан 
революциялық комитеті 30 қаңтар күні Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметіне 3 
сағат ішінде тұтқындарды босатып шабуылды ұйымдастырушыларды беруді талап еткен 
ультиматум тапсырады. Революциялық комитеттің Ташкентке кӛмек сұраған жеделхат 
жолдауымен 31 қаңтар күні Скоблев қаласынан Қоқандағы революциялық комитетке 
К.Осипов бастаған әскери кӛмек келеді. Бұл әскери бӛлімде 4 зеңбірек, 4 пулеметпен 
қаруланған 120 адам болады [15, 147 б]. 
Жаңадан кӛмек алысымен Қоқан революциялық комитеті тағы да Түркістан 
мұхтариятының Уақытша үкіметіне барлық қаруды тез арада тапсыруды талап ету 
мақсатында Сазонов бастаған топты аттандырады. Бұл талаптары орындалмаған соң 
революциялық комитет қаланы зеңбірекпен атқылауға кіріседі. 
5 ақпан күні Қоқан қаласын қоршауға алған австровенгрлік соғыс тұтқындарынан 
құрылған әскери бӛлімдер мен дашнактарға кӛмекке Ташкенттен Түркістан әскери 
комиссарлары Перфилов бастаған 11 әскери эшелон келіп жетеді. 6 ақпан күні Перфилов 
қаланы енді 12 зеңбірекпен атқылауды жалғастырады. Зеңбірекпен атқылау күндізгі сағат 
бірден басталып, ешқандай үзіліссіз түнге дейін созылады. Ӛртке оранған қалаға қызыл 
әскерлер мен дашнактар кіріп үйлерді жаппай тонап, тұрғындарды қырып жояды
 
[16, 19 
б]. 
Түркістан автономиясын қарудың күшімен құлатқан Кеңес ӛкіметі 1918 жылдың 30 
сәуірінде Түркістан ӛлкелік кеңестерінің V съезін шақырады. Онда «Түркістан Кеңес 
Республикаы туралы Ереже» бекітіліп, автономиялық мемлекеттік құрылыс орнатудың 
қағидалары анықталады. Бұл ережге сәйкес РКФСР құрамында Түркістан Автономиялық 
Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланады. Осылайша ұлттық демократиялық 
күштердің қатысуынсыз ӛткен съез кеңестер үстемдігін орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет