Сүйек. Эктопиялық дамуы. Физиологиялық және посттравмалық регенерация. Сүйектің қайта құрастырылуы, оның құрылымына әсер ететін



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата29.09.2022
өлшемі0,58 Mb.
#40846
1   2   3   4
1-сүйек пластинкалары
2-остеоциттер
3-остеоциттердің байланысқан өсінділері
4-сүйек пластинкасы ішінде параллельді
бағытталған коллаген талшықтары



Сүйек ұлпасының дамуы-остеогистогенез деп аталады.
Сүйектің дамуы екі түрлі жолмен қалыптасады:
• Тура остеогенез-сүйектің мезенхимадан дамуы
• Тура емес остеогенез-мезенхимадан дамыған шеміршектің орнына
қалыптасып дамуы.
Постэмбриональды кезеңде сүйектің дамуыфизиологиялық және
реперативті регенерацияға жатады.
Сүйек тінінің дамуында, сүйек дифферон қатарын түзетін жасушалар
қатары: бағаналы, жартылай бағаналы, остеобласттар, остеоциттер болып
жіктеледі.
Бағаналы жасушалардан сүйек тініндегі остеокластар дамиды, бұлар
ағзадағы макрофагтардың бір түрі.



Сүйектің физиологиялық регенерациясы периосттың остеогенді
жасушалары арқылы өтеді,бірақ өте баяу жүреді. Сүйектің
жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы, егер сынған сүйектің
ұштары ығысып кетпесе тез жүреді. Бұл процеске- остеогенезге
қатысатын жасушалар: остеобласттар мен остеокласттар қатысады. 
Алғашқы сүйектену кезеңінде дәнекер тінді шеміршек аралшықтары
пайда болып, одан кейін екіншілік остеогенез процесі жүреді.



Дәнекер ұлпасы -адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері
құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы —
мезенхимадан дамып,организмнің ішкіортасын құрайды. Құрылысы жағынан
дәнекер ұлпасы
жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде
жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық
заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар
мен
жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер
ұлпасы қан мен лимфада қоректік және қорғаныс қызметтері
басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда тіректік және
механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары
құрылысында полярлық айырмашылықтар болмайды. Жасушааралық заттар
ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері
жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, 
жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, 
қоректендіру қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға
қатысады.



Дәнекер тіндері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет