Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Сұлтанмахмұт жырлары және қазіргі қазақ қоғамы»
Орындаған: Нұрмахат Ж.
Тобы: 1701-20
Қабылдаған: Нұрпейісов Н.
2023-2024 оқу жылы
«Сұлтанмахмұт жырлары және қазіргі қазақ қоғамы»
Ақын Сұлтанмахмұттың творчесвосын терең зерттеу, оның дүние тануын, идеялық позициясын айқындай түсу үшін осы күнге дейін жеткілікті мән берілмей келген оның публицистикалық шығармаларына тоқтап өткен жөн. Өйткені, публицистикалық шығармалар әрқашан да автордың өмірге өз көзқарасын баяндаудан, осылай болуға тиіс деген бір пікірді насихаттауынан, түсіндіруінен туады, яғни қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге автор қолма-қол араласып, өзінің нақты пікірін айтады.Сұлтанмахмұттың публицистикалық шығармаларында негізінен оқу-ағарту, әйел теңдігі, искусство мен әдебиет және социализм туралы мәселелер әңгіме етіледі.Сұлтанмахмұт «қараңғы қазақ көгіне күн» болудың бірден-бір жолы — оқу, білім деп таныды. Бұл мәселені ол өзінің көптеген поэтикалық шыгармаларымен қатар, 1912 жылы жазған «Зарландым», 1913 жылғы «Қазақ ішіндегі оқу, оқыту жолы қалай» деген публицистикалық еңбегінің арқауы етті, Қазақ халқын сауаттылық жағынан үш топқа бөлді: әліпті таяқ деп танымайтындар; хадимшыл надан молдадан оқып, мыйларын шатастырып, қара танымай шыққандар; жәдитшілдер. Сұлтанмахмұт осы топтың біріншісіне аяныш сезімін білдірсе, екіншілерін өлтіре сынайды. Ал жәдитшілердің әрбір игілікті қадамын құптады.Шындығына келгенде, жәдит оқуы «төте оқу», ескі хадимге қарағанда әлдеқайда прогрессивті еді, дін оқуымен қатар шәкірттерге тарих, есеп, география, тағы басқа пәндерден білім берілетін-ді. Мәдениетте кенже қалған қазақ халқы үшін төте оқу системасының қолайлы және прогрессивті екенін түсіне білген Сұлтанмахмұт қазақ халқына «туғаннан бері ата мұрасындай болып сүйегіне сіңіп, көңіліне орналасып қалған надандық шіркін жуырмаңда жақсылық сөзді естірте қояр ма» деп қынжылды.
Әр ақынның тағдыры әртүрлі жағдайда қалыптасады. Тұқымы топыраққа түсіп, оңай өнім беретін де, талмай ізденіп, қиыншылықпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады. Сөйте жүріп олар өз тағдырын өзі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын. Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасады. Ақынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, өлеңдерінің жазылу ізімен жүрсеңіз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұт көрген өмір азабы, жоқшылық, жас таланттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері – бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны өмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп айтуға әбден болады. Сұлтанмахмұт поэзиясы - ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Шынайы ақындарымыздың бәрі де мың бейнелі классиктердің ізбасарлары екені де даусыз. Қайталама басылымы қарымсыз әрі тым сирек, насихатталуы да мардымсыз, зерттелуі ауыз жарытпастай аз болса да Сұлтанмахмұт мұрасына деген халық құштарлығы қашанда биік! Жастай жабысқан дерт – сырқаттық, жоқшылық пен тапшылықтың қасіретінен діңкелеп жүрсе де, мойымай қыруар білім теріп, өнер ізденіп, өлең шыңдап, өзіне дейінгілер көтерілген өр асқарларға құлаш ұрып, қыз бұрымындай қысқа ғұмырында тыңнан сөз асылдарын жасап үлгеру - ерлік емес пе?!
Сұлтанмахмұт өз заманының рухын мейлінше кең көрсете білген классик ақын. Қазақтың классикалық поэзиясының ардақты өкілі. Біз ұлы ақынның есіміне бас иеміз. Осындай дана ақынымыз болғанына мақтанамыз.
Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді. Сол үшін де, ол өзіне «қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам» деп өршіл мақсат қойған болатын. Халықтың ғазиз ұлының сол арманы қазір орындалды. Қазақ халқы мәдениетті, азат ел болды.
Сұлтанмахмұттан зор әдеби мұра қалды. Бұл халқымызға қалдырған ақынның аманаты. Сол мұраны қадірлей білуіміз, оның алтын нәрін ала білуіміз керек. Шығармалары халықтың рухани өміріне терең қабысқан ақын мұралары әрбір оқушыға қымбат, әрі сүйікті. Сұлтанмахмұтқа берілген ең үлкен баға да осы. Мұндай сүйіспеншілікке әдебиеттің асқан алыптары ғана ие бола алады. Сол алыптың бірі – қазақтың халықтық, классик ақыны – Сұлтанмахмұт. Ол қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдыздың бірі. Қазақ халқы мәдениеттің биігіне өрлеген сайын, өткендегі мәдениет күрескерлеріне, ақындарына өшпес ескерткіш жасай береді. Ол ескерткіш ақынға деген халық махаббаты
Достарыңызбен бөлісу: |