Соңғы кездері өмірім, анығында өмір сүру тәртібім, жүйелене бастаған сияқты (Шүкір). Азанда тұрып, соңғы семестрдегі сабақтарыма аяңдаймын. Түскі асымды уақытылы ішіп, сәскеде көз іліп алатын болдым



Дата06.01.2022
өлшемі13,1 Kb.
#12699
түріСабақ
Байланысты:
Diary by senior


25.02.2020 (Вторник)

Соңғы кездері өмірім, анығында өмір сүру тәртібім, жүйелене бастаған сияқты (Шүкір). Азанда тұрып, соңғы семестрдегі сабақтарыма аяңдаймын. Түскі асымды уақытылы ішіп, сәскеде көз іліп алатын болдым. Ұйықтап болған соң, терезені ашып Астананың кермек әрі ызғарық ауасын өкпемді толтыра кең тыныстаймын. Скайуолк салынғалы бері бұл таза ауаны осылай ғана жұтып жүргенімізге мысқылдана күліп, терезенің тұтқасын берік ұстап жабыстырып барып жабамын. Сабақ оқуға не керек?! 4 жылдан бері серігіме айналған асусымды құшақтап сумкама саламын. Оның қуаттаушысын да (зарядное устройство). Ахахах, соңғы кездері барынша қазақша сөйлеуге һәм жазуға машықтанып жүрмін. Бұл қазақ тілі деңгеймінің түсіп бара жатқанын аңғарғандықтан ба, немесе Қазақ Әңгімелері курсына байланысты ма?! Оны ойланып та жататын уақыт жоқ. Дәптер-парақтарымды уыстап ноутбукпен бірге ығыстырып салып, сумкамның ең үлкен сырмасын сырғытамын. Оны да жай, дауысын шығармай жабуға тырысам, барынша сыртқы ортама минималды түрде кедергі келтіруге тырысып баққаным. Кука үшін. Ол түс уақытында кей кездері ұйықтап жатады: осы семестрде сабағы әдеттегіден аздау екен. Жарайды, соңына қарай құлаққаптарымды сумкама умаждап салып қоямын. Сабақ уақытында концентрациямды бұзбас үшін. Әсте осы альма-матерге аяқ басқалы құлаққаппен сабақ оқу – күнделікті іс.



Өте жарық. Күн шақшиып тұр. Әсем сәулелерінің фотондары бірімен бірі жарысып, “мен бірінші жетемін” деген секілді дормның төбедегі ашық сәулеттелген терезесінен ішке қарай асыға кіріп, көрінген затқа соғылып, жұтылатыны жұтылып, біразы кері кетіп барады. Әсем. Неткен ғажап құбылыс. Осылай жетінші қабатта келе жатқанымда лифтқа дейін жиырма қадамдай (жарты жол) қалыпты. 5 жылдағы үрдісімді қайталадым. “Бисмиллә” деп бастап, “Ия, Раббым, бүгінгі күнімді сәтті ете көр. Бір өзіңнің разылығың үшін ата-анамның үмітін ақтау үшін бүгінгі алған білімімді сапалы, пайдалы ете көр”. Жайылған алақанымды бетіме сипап, ішімнен күнделікті сөздерімді қайталадым: “Бүгінгі күн – менің күнім”... Лифт 9-қабаттан тағы да үлгермейсің дегендей үнсіз зырылдап келе жатыр. Тапа-тармағай барып лифтті шақырдым. Үлгердім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет