Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі Маралтай



Pdf көрінісі
Дата06.04.2022
өлшемі176,04 Kb.
#30102
түріПоэма
Байланысты:
Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі



Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі - Маралтай 

Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы. Біз автордан туындының жазылу тарихы мен көтерген 

жүгі, арқалаған аманаты туралы айтып беруді өтінген едік. 

- Бұл шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері 

қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзінен-өзі бола салмайды. Оның ар жағында елдің 

моншақтап төгілген тері, ердің өлшеусіз жан алысып, жан беріскен ұйқысыз түндері жатыр. Біз 

тәуелсіздігімізді алғанымызбенен әлі қылыштың жүзінде ғұмыр кешіп келеміз. Сәл абайсыз 

адымымыз бізді кез келген сәтте майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда жүріп, Елбасы 

қаншама ауқымды тірліктер атқарды. Жиырма жыл бұрын қандай едік, бүгін қандаймыз! Бәрін 

ой елегінен өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін атқара алмай жатқан ісі болса оған ел 

болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал ел мәртебесіне жұмсаған қажыр-қайраты мен ғаламат 

табыстары үшін ол кісіні ардақтауға тиістіміз. Бұл берісі адамдық, әрісі елдігімізге сын. Осынау 

жиырма жылда атқарылған адам сенбес ғажайыптарды санамалап айтпай-ақ қояйын. Оны елдің 

бәрі көріп отыр. 

Бір ойшыл айтқан екен: «Роман дайын. Енді тек жазып шығу керек» деп. Сол сияқты, осыншама 

қыруар еңбекті неге насихаттамасқа?! Неге Елбасы өзі бас болып атқарысқан ел жетістігін жыр 

жолдарымен түйіндемеске?! Елбасымен болған бір басқосуда ол кісі: «Еңбегінің бағаланғанын 

кім жек көреді, мен де өздерің сияқты адаммын» дегені бар. 

Шығарма бес күнде жазылып бітті. Негізі, бұл - хроникалық дастан деуге келетін поэма. Шартты 

түрде Елбасыға байланысты 20 тақырыпты таңдап алып, осы бағытта қазақ елі жеткен биіктерді 

тілге тиек еттім. Елбасы бір түнде арнайы көлікпен Астанаға алдыртып, поэманы өз оқуымда 

тыңдап шықты, ризашылығын білдірді. «Көшбасшы» поэмасы осылайша Қазақстан 

Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойы күні, 2010 

жылдың 6 шілдесінде еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде 4 бет болып жарық 

көрді. 

Мен бұл шығармада елдің бірлігін, тірлігін, бейбіт күннің парқын паш еттім. Ел менен ер 

мәртебесін жырлауды парыз тұттым. Қазір бұл поэманың үзінділерін республикалық 

басылымдар қолқалап сұрап алып, қайта басып жатыр. Түрлі облыстардағы мектеп оқушылары 

мен жоғары білім беретін оқу ошағындағы өнерлі жастар осы поэманы мәнерлеп оқудан 

жүлделі орындар иемденіп жатқанын естіп-біліп отырмыз. Және сол сияқты облыс 

орталықтарындағы басты нысандарда осынау рух жыры бильборд, түрлі көрнекілік құрал 

ретінде көрініс табуы жайдан-жай болмаса керек. 

Осы биыл ғана Елбасымен кезекті бас қосуда тағы да сол «Көшбасшы» поэмасындағы: 

Қанша құмар болсаңдар да даңққа, 

Тас лақтырып, күл шашпаңдар алыпқа! 

Ең данышпан, ұлы патша - сол патша, 

Оқтың даусын естіртпесе халыққа» - деген жыр жолдарын оқыдым. Елдің де, Елбасының да 

Құдайдан тілер басты тілегі - Тәуелсіз еліміздің тыныштығы деп ойлаймын. Лайым, солай 

болғай! 

Ескерту! 

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және 

ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге 

асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет