"Соғыс өнері" еңбегі туралы



Дата28.04.2022
өлшемі14,05 Kb.
#32677

“Соғыс өнері” еңбегі туралы:
Сұн Цзы атақты соғыс өнері еңбегінің авторы,бұл еңбек қытайда жазылған.Әскери стратегияларға қол жеткізген еңбек. Сұн Зының өмірі туралы деректің жалғыз көзі — б.з.д. 2-ші ғасырда өмір сүрген тарихшы Сыма Цянның жазбалары. Оның айтуынша, Сұн Зы — б.з.д. 6-шы ғасырда Ву мемлекетінде өмір сүрген әскери қолбасшы болатын. Яғни ол ежелгі Қытайдың ең кемеңгер ойшылдарының бірі — Кұң Фузымен бір уақытта өмір сүрген. Аңыздардаайтылғандай, Сұн Зы ши тобының мүшесі болған. Бұндағы «ши» дегеніміз —Көктем және күз жылнамалары кезеңінде болған бірігудің нәтижесінде жерінен айырылған қытайдың жерсіз ақсүйектерінің ұрпағы. Бірақ «шилердің» көбі кезбе ғалымдар ретінде қызмет етсе, Сұн Зы жалдамалы әскери болып қызмет атқарған. Аңыз бойынша, ол өзінің атақты әскери шығармасын бітіргеннен кейін шамамен б.з.д. 512 жылы Ву патшасы Һелү оны өзінің қызметіне алады. Қазір «Соғыс өнері» деген атпен белгілі шығарма ол кездері Сұн Зы деп аталған болатын — ол замандарда Қытайды кітапты оның авторының атымен атау үйреншікті іс болатын. Сыма Цянның айтуынша, Сұн Зы өзінің әскери қолбасшылық өнерін ешбір әскери дайындық көрмеген әйелдерді жинап, олардан соғысқа сақадай сай әскери қосын дайындап шығаруы арқылы көрсетті. Ал ол қосынның қолбасшылары етіп Һелүдің өзінің тоқалдарын тағайындапты. Алайда Сұн Зы оларға бұйрық берген сайын олар қиқылдап күлетін немесе берілген бұйрықты қалай болса солай орындайтын. Екі реттен кейін Сұн Зы сол тоқалдардың екеуін әскери заң бойынша өлім жазасына бұйырғаннан кейін ғана тоқалдар оның берген бұйрығын екі еткізбейтін болыпты. Ол Ву патшасының қызметіне кірген соң жартылай тағы болып саналған Ву патшалығы Көктем және күз кезеңінің ең қуатты патшалықтарының бірі Чу мемлекетін жаулап алуы арқылы өз заманының ең қуатты патшалығына айналды. Һелү патша Чу мемлекетін жаулап алып болғаннан кейін, әрқашан тыныш та бейбіт өмірді аңсаған Сұн Зы аяқ астынан жоқ болып кетеді. Сондықтан оның нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Қытай тілінде оның еңбегі қазір «Сұнзы биңфа» деп аталады. Бұндағы Сұнзы деген — автордың аты-жөні, ал «биңфа» дегенімізді «қарулы күшті қолданудың заңы»,«әскери әдіс-тәсіл» немесе «жекпе-жек өнері» деп аударуға болады.
1972 жылы Шандуң өлкесіндегі Линіи қаласының маңындағы бір қабірден «Соғыс өнері» кітабының бамбук тақтайларға ойылып жазылған бір нұсқасы табылды.Соның арқасында кітаптың бұрыннан белгілі бөліктері расталып, оның бұрын белгісіз болған бөліктері табылды. Ол нұсқа шамамен б.з.д. 134-118 жылдары жазылғандығы анықталып, оның кейьір бөліктері Сұн Зының заманынан көп кейін жазылған деген болжам жоққа шығарылды.
«Соғыс өнері» тарихтағы ең танымал әскери оқулықтардың бірі болған. Ежелгі Қытайда бұл кітап мемлекеттік қызметке кіргенде тапсыратын емтихандардың маңызды бөлігі болған. Ол қытай әдебиетінің маңызды шығармаларының бірі де болып табылады. Соғыс кезінде Мау Зыдоң мен Сталин бұл кітапты оқыған деген деректер бар.
Қытайдың соғыс өнеріне қатысты тағы бір атақты кітабы —әйгілі "Отыз алты айла" кітабы Сун Цзының соғыс өнері кітабына мұқият талдау жасаудың жемісі екені байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет