СөЖ-5 Эссе Тақырып: XVIII ғасырдың, соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері Орындаған: Орынбасаров Мариям



Дата23.10.2023
өлшемі30,68 Kb.
#120753

Алматы Технологиялық Университеті


СӨЖ-5 Эссе
Тақырып: XVIII ғасырдың, соңындағы Қазақстан және Орта Азия
мемлекеттері

Орындаған:Орынбасаров Мариям


Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ.XVIII ғасырдың, соңындағы Қазақстан және Орта Азия
мемлекеттері
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдың қиындауымен ерекшеленеді. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан - Ресей мемлекетінің, шығыстан - жонғарлардың, оңтүстіктен - Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Сонымен бірге қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар өріс алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік құрылымдары жолындағы ішкі саяси күрес күшейді, сол жылдарда қазіргі Қазақстан аумағаында «барша жұртқа қарсы баршаның соғысын» бастаған «келте хан» дейтіндер бас көтерген еді. Бұл соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін әлсіретті, оның материалдық ресурстарын азайтып, адамдар шығынын көбейтті.
1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.
Бүкіл дүниежүзлік тарих қалыптаса бастаған сауда-шаруашылық байланыстары мен кеңейе түскен дүниежүзлік рынок адамзаттың алдына жекелеген дүниежүзлік мемлекеттердің сауда жолдары тіршілігін өз қолында ұстауға ұмтылу фактісін тартты, өз кезегінде бұл олардың дүниежүзіндегі сауда және өнеркәсіп жөнінен бақталастығын туғызды. Осындай жағдайларда Орталық Азия елдерінің тарихы өзгеше қалыптасты. Адамзаттың өткендегі жалпы тарихынан бастау алып, гүлденген далалық өркениетті Қазақстан шектес жатқан алып кершілерінің сыртқы саясатында көңіл аударарлық объектіге айналады. Абсолюттік монархия орнығып, орталықтандырылған мемлекетке айналған, Азия халықтарың дипломатиялық жолмен бағындыру және әскери экспедициялар жөнінен тәжірибесі бар Ресей “Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізетін қақпа кілті” болуға тиісті қазақ жеріне көз тіге бастады.Бұл орайда Ресей империясы ішкі кажеттерін де, Еуропа және Азия құрлықтарында орнығып алу қажеттігін де негізге алды.
Қазақстанды бағындыру кезінде Ресей саясатының табысқа жетуіне Орталық Азия аймағындағы Ұлы дала көшпелілері мен оның көршілеріне тиімді болмаған жағдай да себепші болды.Жоңғария,Қытай,Осман империясы, Орта Азия хандықтары,Англияның мүдделері Орта Шығысқа келіп тайқаласты.
Ресейдің «шығыстары саясатында» қазақтар жөніндегі мәселе Қазақ хандығымен байланыс жасаған III Василий билік еткен кезден бастап-ақ маңызды орын алған еді. Егер қазақ-орыс қатынастары XVIII ғасырдың басына дейін, оның алдындағы екі ғасыр бойы Ресей экспансиясының өрістей түскеніне қарамастан, теуелсіз екі мемлекеттің өзара қатынастары болып келсе, Ұлы Петр реформалары кезінен бастап Ресейдің Орта Азия мен Қазақстан жөніндегі сыртқы саясатында Дала өлкесін жалмап-жұту сарыны басымдық ала бастайды. 1 Петрдің «шығыс идеясы» Үндістан және Қытай жерімен өтетін сауда жолдарын басып алу жоспарын туғызды.
Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады.

Жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің оқу бағдарламаларына жасаған талдау — олардың ортағасырлық түркітілдес дерек көздерінің толық кешенін зерттеу үшін жеке түрде бөлініп алынған уақыт аралығын қарастырмайды деп нақты айтуға мүмкіндік береді. Бұл жазба ескерткіштері фрагментті түрде Қазақстан тарихының әр кезеңдері бойынша айтылып, жеткізілуде және мұның ғылыми айналымдағы деректердің толығырақ зерттелуі үшін жеткіліксіз екендігі айқын. Осыған байланысты тарихи пікірді үйрету және қалыптастырудың өзекті мәселелерінің бірі өткеннен қалған жазба дерекнамаларды зерттеу болып табылады. Бұл жазба дерекнамалар адамдардың іс әрекеттерімен тікелей байланысты және қоғамның даму тарихы туралы мәліметтер береді.


Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады. Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Мәуренахр, Шығыс Түркістан және бір-бірімен тығыз байланыстағы басқа көршілес аймақтардың тарихы — бұл экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларының әсерімен туындаған маңызды әлеуметтік оқиғалардың тарихы. ТМД мемлекеттеріндегі қолжазба қорларында XIII-XVIII ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның басқа да мемлекеттерінің тарихы және мәдениеті туралы ақпараттарды қамтитын парсы-түркі тілдеріндегі нарративті шығармалар аз емес. Олардың зерттелу деңгейлері әр түрлі — бір бөлшегі әлдеқашан табылған және өте жақсы зерттелген, олар қамтыған мәліметтер ғылыми зерттеулерде белсенді түрде қолданылды және қолдынылып та жүр; тағы бір бөлшегі ғылыми айналымға жаңа ғана енгізіліп жатыр; үшіншілері атаулары бойынша ғана белгілі және оларды санаулы мамандар біледі; төртіншілері әлі анықталу үстінде.
Жас егеменді мемлекетте ортағасырлық түркі тіліндегі дерекнамаларды зерттеуді дұрыс бағытқа қою қажет. Дерекнаматану зерттеулерінің әдістемелік мәселелері жаңа тұжырымдамалық ғылыми-теоретикалық тұрғылардан қарастырылуы керек. Нарративті дерекөздеріне тұтынушылық көзқараспен қараудан бас тарту керек, өйткені тұтынушылық көзқарас кезінде құжаттың толық мәтіні ескерілмейді, зерттелетін мәтіннен автор үшін ғана қажет және қолайлы ақпараттар таңдалып алынады. Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы байырғы және түпнұсқалық дерекнамаларда баяндалған мәліметтер мен факторларға назар аудармай келді, олар қосымша дереккөздер ретінде ғана қарастырылды. Кеңес тарихнамасындағы өте кең таралған бұл үрдіс сол кезеңдерде ғылымның дамуының идеологияландырылуына байланысты орын алған еді. Бұған Марксистік таптық бағыт пен көшпелі социумның дамуын зерттеудегі догматикалық тұжырым көп әсер етті.
Зерттеушілердің көпшілігі француздардың тарихшы-позитивистері Ш. Ланглуа мен Ш. Сеньобосаның «құжат жоқ жерде тарих та жоқ» формуласын ұстанды [1, 8-бет].
Дерекнаматану ғылымының дамтылыуының заманауи кезеңінде номад өркениетінің жазба мәдениетіне деген көзқарасты өзгерту қажеттілігі туындады. Қазақстанның тарихына тікелей қатынасы бар ортағасырлық дерекнамаларды зерттеу мәселесі бойынша белсенді түрде шаралар жасалуы қажет. Жоғарғы білім беру орындарында бұл жазба ескерткіштерін жаңаша тарихи ойлау бағыты бойынша зерттеу керек. Сонда ғана бұрыннан белгілі болып келген фактілер басқаша жағынан айқындалып, бізге жаңа қырынан көрінетін болады, бұрын біз байқай алмаған аспектілері анықталады, жаңа көріністер мен оқиғалар қайтадан ашылады. Отырықшы және көшпелі компоненттердің өзара әсерлерінің, жазбаша және мәдени дәстүрлердің, ұрпақтар сабақтастығының, сонымен қатар түркілер және қыпшақ мұраларының арақатынасының анықталуы ортағасырлық Қазақстанның аумағындағы тарихи оқиғалар туралы түсінігімізді әлдеқайда кеңейте түсуі мүмкін.
Жоңғар жерінде, Қытай, Орталық Азия, Иран, Еділ және Қара теңіз маңы аумақтарында әртүрлі тілдерде жазылған құжаттар құрамының алуан түрлігі және қиындығы терең ғылыми-сын және кешенді зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты дереккөздердің зерттелуі келесі қағидаттарға негізделуі керек:
— бүкіл шекаралас аймақтардағы дереккөздерді зерттеп, салыстыру арқылы сараптау;
— дереккөздерді ғылыми түрде саралап, дереккөздерді типі, түрі және түршелері бойынша бөлу, сонымен қатар жаңа әдістемелік деңгейде жүйелендіру;
— түркі тілдеріндегі дереккөздердің орнын және мағынасын анықтау;
— дереккөз мәтіндерінің мазмұндарынан көшпелі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының спецификасын табу.
Ортағасырлық дерекнамаларды зерттеу кезінде әдістемелік негіз ретінде тарихи өткенді зерттеудің этномәдени әдісінің жүйелілігі мен қағидаттары алынуы керек. Актілік дерекнамаларды зерттеу жұмыстары жаңа теориялық-әдістемелік тәсілдер деңгейінде және терең жүйелік-құрылымдық сараптамалар негізінде жасалып, оқиғалар мен жайттардың өзара байланыстары, олардың үнемі өзгерістер мен даму үстінде болатыны ескерілуі тиіс. Зерттеулердің дерекнама қорлары айтарлықтай кеңейтіліп, жаңа дереккөздер қамтылып және олар жүйеленіп, сараланып, сарапталуы керек.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Шығыстану институты тарапынан «ХІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан және Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті, олардың өзара қатынасы туралы араб-парсы-түркі тілдеріндегі, қытайша дерекнамалар» атты үлкен тақырып дайындалуда. Болашақта бұл материалдардан «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы шығыстану ескерткіштерінің жинағын» қалыптастыру жоспарлануда. Республиканың түркітанушылары мен шығыстанушылары ортағасырлық дерекнамалардың нашер зерттелуін ең алдымен класификациялау мәселелерімен байланыстырады. Теориялық дерекнама бойынша Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тарихы туралы түркі және парсы дерекнамаларын аумақтық белгілері бойынша классификациялау аса кең таралған. Дерекнамалар тарихнаманың тимуридтік, шайбанидтік, шағатай, сефевидтік және османдық топтарына бөлінген [2, с. 14]. Көріп отырғанымыздай, дерекнаматану туралы орасан зор материалдарды классификациялау кезінде ең алдымен, дереккөздерінің тек қана географиясы мен жазылған жері ескеріледі. Бұл жерде ортағасырлық мемлекеттердің шекараларының бүгінгі таңдағы мемлекеттердің аумақтарына сәйкес келмейтінін ескеру қажет, бұл жағдай дерекнамалардың ғылыми зерттелуін қиындатып отыр.
Сонымен қатар дерекнамаларды лингвистикалық, яғни олар жататын тілдің белгісі бойынша классификациялау бар, бірақ бұл да олардың болашақта жан-жақты зерттелуіне көмектеспейді. Біз дерекнамалардың кешенді түрде классификациялануын, олардың жоғарыда аталған бірнеше факторлар бойынша жүйелендірілуін ұсынғымыз келеді. Осылайша, ортағасырлық түркі тілдеріндегі дерекнамаларды зерттеу кезінде төменде берілген факторларды ескеру қажет:
А) Хронологиялық фактор. Бірінші факторы бойынша, барлық ортағасырлық дереккөздерді V-X ғғ. кезеңінде жазылған ежелгі түркі ескерткіштері, XI-XVI ғғ. аралығында жазылған ескі түркі ескерткіштері, XVII-XVIII ғғ. жазылған жаңа түркі ескерткіштері деп бөлуге болады [3, 9-бет].
Б) Географиялық фактор (жазылған аймағы, жататын аумағы). Бұл факторға сәйкес, жазба дереккөздері келесі топтарға бөлінеді:
1) Шығыс Түркістан құжаттарының басым бөлігі Баласағұн және Қашғар қалаларында жазылған [4, 314-бет];
2) Батыс Түркістанның құжаттары шартты түрде үш топ бөлігіне бөлінеді:
а) Сырдария бойындағы Сайрам, Сығанақ, Отырар және Сауран қалаларында жазылған деректер;
ә) Самарқанд, Яссы, Сайрам, Игунек және т.б. ірі мәдени-сауда орталықтарда пайда болған дереккөздері;
б) Үргеніш, Бұхара және Ферғана қалаларында пайда болған хорезмдік деректер бөлек түрде ерекшеленеді [5, с. 70].
3) Алтын Орданың жазба ескерткіштері негізінен Сарай-Бату, Сарай-Берке қалалары мен Ақ Орда және Көк Орда секілді ірі ортағасырлық үлкен қалаларда шығарылды;
4) Мысыр мен Парсыда, әсіресе, Бағдад пен Каир қалаларында құрылған деректер бөлек бір топты құрайды;
5) Қырым деректерінің басым бөлігі Судақ, Солхат, Кафа және Тана қалаларында жазылды;
6) Батыс Украинаның жазба дереккөздері Галиция, Поодолье, Львов, Каменце қаласында құрылды.
в) Этногенетикалық фактор. Этногенетикалық белгілері бойынша төмендегілер ерекшеленеді:
1) Қараханид мемлекетінің түркі халықтарының тілдерінде қарлұқ, шығыл және ягма тайпаларының өкілдері тарапынан жазылған ескерткіштер;
2) оғыз және қыпшақ тайпаларының өкілдері жазған түркі тіліндегі орта азиялық дереккөздер;
3) Армян колониясы болып табылған Каменец-Подольскіде қыпшақ және түркі тілдерінде жазылған алтынордалық деректер;
4) жалпы атауы — шағатай тілі болып табылатын XV-XVI ғғ. Орта Азияның көшпелі халықтарының тілдерінде жазылған дереккөздер [6, 170-бет].
Осылайша, әлеуметтік-гуманитарлық цикл курсында оқытылатын ортағасырлық жазба ескерткіштерін осы топтастыруға жатқызуға болады. Бұлай жасалатын болса, классификациялау V-XVIII ғғ. хронологиялық шеңбердегі Қазақстан мен Орталық Азиядағы шекаралас мемлекеттер мен халықтарының тарихи-мәдени өткенін жарыққа шығаратын алуан түрлі парсы, түркі тілдеріндегі дерекнамалар бойынша оқытушылар мен студенттерге бағдар береді.
Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі Тәукенің хан жариялануын екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдардағы хандыққтағы билікке ие болғандығы тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау. Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімнің ұштаспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себебі:

  1. Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылығы;

  2. Көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.

Қазақ хандығы Тәуке тұсында сытрқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып, нығаюына белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сыртқы саясат көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.
XVIIғ. соңы – XVIII ғ.басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар басты.
XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд,-Азия мұсылмандары үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті[14, 80 б.].
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі-1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас ортануға келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашына хабарлады [15, 65 б.]. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда кездеспейді. Бірақ,осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден қазақ жасағынын тарапынан берілген қатты соқылардың әсерінен болуы мүмкін.
1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі.
Ал Құрылтайда үдей түскен жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп бергеніміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтай қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бой ұсынуды жөн көрді.басқалар үй-үйін тастап,-деп жазады А.Гавердовский, – Еділдің сыртына көшіп барып жан сауғалағасы келді. Ал енді біреулері қоян секілді жан-жақты бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды [16, 110 б.].
Ел көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан көрші мемлекет арасында материалдық ахуалын көбейту барысында жайылымдық жерлерді үнемі кеңейтіп отруы қажетсінді. Осыған орай жайылымдық жерлерді жаңадан иелену тартысы басталды. XVIIғасырдың соңында Қазақ хандығы қалмақ жеріне өзі қауіп төндірген болса, оның кейбір жерлерін басып алған кездегі болды десек те, хандықтағы ішкі жағдайдың шеленісу нәтижесінде әлсірей бастағанды. Жоңғар билеушілерінің бірден – бір қызықтырған жерлері Жетісудың құнарлы жерімен, Оңтүстік Қазақстанның мәдени орталықтары болды. Қазақтардың XVIIIғасырдың басындағы жағдайынан хабар берген Ш.Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьялармен тұтқынға әкетіп отырды» – деп сипаттады
Жалпы, Тәуке ханның және Қайып хан тұсында Ресеймен қарым-қатынас бақа кезеңдермен салыстырғанда ең жақындасқан, ең түсініскен дәрежеде болды дей аламыз. Сондықтан Реседе ұлы-Петр, Қазақ хандығында-Әз-Тәуке, көршілес екі мемлекеттің әрдайым тыныштықта өмір сүру Евразия құрылығындағы елдер мен халықтары үшін баға жеткісіз маңызы бар екенін айқын ұғынған.
XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да, тұрақтылық орныққан болатын. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі елдермен көршілес жатқан халықтың саяси-географялық орналасуының өзі оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және бірлікті танытуға талап етті. Көрші мемлекеттер болса хандықтың өз ішіндегі саяси сіне араласуға талпынды. Мұны Тәукеден кейін Қайып, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар өз мүлделеріне тиімді пайдаланған болатын. Әрине Тәукенің тұсында сыртқы саяси жағдай жоғары дәрежеде болды деп біржақтылық таныту дұрыс емес. Өйткені қазақ-хандығындағы биліктің толығымен орталықтанбауы, ондағы жеке сұлтан,би батырлардың сыртқы саяси мәселерді шешуге іс-әрекеттерді, кері әсерін дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылданкейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет