Латентті энтералды жетіспеушілік (тек қана функционалды тест арқылы анықталады)
Айқын энтералды жетіспеушілік: бастапқы және айқын клиникалық көріністерімен, терминалды стадиясы
МС клиникалық көрінісі:
I. Диареялық синдром II. Тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуы III. Ішектік пассаж және аномалиясының бұзылыстары
I. Диареялық синдромның сипаты:
Көпіршікті сұйықтау қышқыл нәжіс дисахаридазалық жетіспеушілікте және глюкозо-галактозалық мальабсорбцияда байқалады.
Сулы нәжіс жұқпалы ауруларда және инвазияларда, энтеритте, энтероколитте, дисахаридазалық жетіспеушілікте және глюкозо-галактозалық мальабсорбцияда, тағамдық аллергияда, сиыр сүтіндегі белокты көтере алмау, ОНЖ патологиясының фонында АІЖ дискинезиясы, туа пайда болған хлоридттік диареяда, туа пайда болған натрий диареясында, идиопатиялық отбасылық диареяда, туа пайда болған бүйрек үсті безінің гиперплазиясында.
Ішектегі құрамның пассажының жылдамдығының өзгерісінің ең жиі себепшісі, Асқазан Ішек Жолдарының дискинезиясы, неврологиялық бұзылыстар және ішектегі ақаулар болып табылады.
МС ішек ақауларында ерте кезеңде көрінеді, осыған қарай ерте диагностика мақсатында қолданылуы мүмкін.
Қорытынды:
Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолынан қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.
Себептері бола алады: Белгілі бір асқорыту ферменттерінің болмауы немесе төмендеуі. Ұйқы без ауруы, соның ішінде фиброзды-кистозды дегенерация. Паразиттермен шақырылған аурулар, соның ішінде лямблиоз, гельминтер, амебиаз. Асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасының өзгерісі. Асқазан-ішек жолдарының өзі-өзінің зақымдауы, соның ішінде глютенді ауру. Асқазан-ішек жолдарының ұзындығы өзгертетін немесе жалпы өзгеріске әкелген операция. ЖИТС (Жедел иммунды тапшылық синдромы).