СөЖ “Мальабсорбция синдромының патофизиологиясы



Дата06.01.2022
өлшемі484,91 Kb.
#13205
Байланысты:
срс патфиз

СӨЖ тақырыбы: “Мальабсорбция синдромының патофизиологиясы"

Орындаған:Күмісбекова Талшын

ВС-312 ТОП

Тексерген:Баймұрзаева М


"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрігі Қазақ ұлттық аграрлық университеті"
  • Ас қорыту ағзаларының ауруларында 6 патологиялық негізгі үрдістерге бөледі:

  • -секрецияның бұзылуы -қорытылудың бұзылуы -сіңірілудің бұзылуы -микрофлораның бұзылуы -иммунологиялық жылжу -пассаждың бұзылуы
  • Клиникалық ағымы бойынша бөлінеді:
  • Латентті энтералды жетіспеушілік (тек қана функционалды тест арқылы анықталады)
  • Айқын энтералды жетіспеушілік: бастапқы және айқын клиникалық көріністерімен, терминалды стадиясы
  • МС клиникалық көрінісі:

  • I. Диареялық синдром II. Тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуы III. Ішектік пассаж және аномалиясының бұзылыстары

I. Диареялық синдромның сипаты:
  • Көпіршікті сұйықтау қышқыл нәжіс дисахаридазалық жетіспеушілікте және глюкозо-галактозалық мальабсорбцияда байқалады.
  • Сулы нәжіс жұқпалы ауруларда және инвазияларда, энтеритте, энтероколитте, дисахаридазалық жетіспеушілікте және глюкозо-галактозалық мальабсорбцияда, тағамдық аллергияда, сиыр сүтіндегі белокты көтере алмау, ОНЖ патологиясының фонында АІЖ дискинезиясы, туа пайда болған хлоридттік диареяда, туа пайда болған натрий диареясында, идиопатиялық отбасылық диареяда, туа пайда болған бүйрек үсті безінің гиперплазиясында.
  • Ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінде майлы нәжіс (созылмалы панкреатит, муковисцидоз, липазаның жекеленген жетіспеушілігінде, целиакияда, энтеритте, энтероколитте, Пирсон синдромында, холеопатияда).
  • Өте майлы нәжіс (муковисцидозда және туа пайда болған липазалық жетіспеушілікте).
  • Айқын полифекалия – сұр, майлы нәжіс, целиакияда, герпетиформалы дерматитте, энтеропатиялық акродерматитте Іш қатумен кезектесіп жүретін ботқа тәріздес нәжіс стресстік жағдайларда, іште толғақ тәріздес ауыру сезімі – тітіркенген ішектік синдромда кездеседі
  • МС іштегі ауыру сезімі болады:
  • Ішек аномалиясында
  • Тағамдық алллергияда және сиыр сүтіндегі белокты көтере алмаушылықта
  • Арнайы емес жаралы колитте -Крон ауруында -Уиппл ауруында
  • II.Тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуы
  • Экссудативті энтеропатия – патологиялық жағдай, АІЖ арқылы плазмалық белоктарды жоғалту, ішектегі сіңірілудің бұзылыстарымен жүреді, айқын гипопротеинемия, ісінулік синдром, стеаторея
  • III. Ішектік пассаж және аномалиясының бұзылыстары
  • МС ішектен өту кезіндегі бұзылыстар.
  • Ішектегі құрамның пассажының жылдамдығының өзгерісінің ең жиі себепшісі, Асқазан Ішек Жолдарының дискинезиясы, неврологиялық бұзылыстар және ішектегі ақаулар болып табылады.
  • МС ішек ақауларында ерте кезеңде көрінеді, осыған қарай ерте диагностика мақсатында қолданылуы мүмкін.

Қорытынды:

Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолынан қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.

Себептері бола алады: Белгілі бір асқорыту ферменттерінің болмауы немесе төмендеуі. Ұйқы без ауруы, соның ішінде фиброзды-кистозды дегенерация. Паразиттермен шақырылған аурулар, соның ішінде лямблиоз, гельминтер, амебиаз. Асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасының өзгерісі. Асқазан-ішек жолдарының өзі-өзінің зақымдауы, соның ішінде глютенді ауру. Асқазан-ішек жолдарының ұзындығы өзгертетін немесе жалпы өзгеріске әкелген операция.  ЖИТС (Жедел иммунды тапшылық синдромы).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • З.К.Кожабеков.,Ә.М.Өтегенов.Малдың патологиялық физиологиясы.Алматы,1992ж
  • Лютинский С.И. Патологическая физиология животных.М.2005
  • Савойский А.Г.с.соавт.Патологическая физиология.М.2008
  • Зайчик А.Ш.,Чурилов Л.П.Основы общей патологии ч.1,2- СП.1999
  • Ғаламтор желісі




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет