Сөж тақырыбы: Нарық түсінігін ашу



Дата26.04.2023
өлшемі45,4 Kb.
#87291

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Математика, Физика және Информатика институты


СӨЖ
Тақырыбы: Нарық түсінігін ашу.


Орындаған: Мек 214 Құрбанбай Бейбіт
Тексерген:Жазылбек Л.И.
Алматы 2023
Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін, өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

маржиналдық (шекті) талдауға;


балама тандау шығындарына;
экономикалық рационалдыққа.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:

тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;


қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:

жылжымайтын мүліктер нарығы;


еңбек құралдарының;
шикізат пен материалдардың;
қуат ресурстарының;
пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:

капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;


несие нарықтары:
құнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер парығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

Жұмыс күні парығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.



Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет