Сөйлемдердің грамматикалық



Pdf көрінісі
Дата17.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#117277


Құрмалас
сөйлемдердің
грамматикалық
белгілері,
қызметі


Құрмалас сөйлем - бір бүтін грамматикалық
(синтаксистік) тұлға.
а) компоненттерімен бірігіп бір тұтас мағына білдіреді:
табағаттағы заттардың, адамдардың іс-әрекетіндегі
байланыстарды көрсетеді;
ә) құрмалас сөйлем бір бүтін дербес грамматикалық
(синтаксистік) тұлға болғандықтан, оны қалыптастыратын
синтаксистік формасы болады.


Құрмалас сөйлем - бір бүтін семантикаға
ие тұлға.
Әр компоненттің құрамындағы сөйлем мүшелерінің
грамматикалық мағынасы. 
Сөйлеммүшелерінің позициясында жұмсалған
лексикалық тұлғалардың мағынасы.
Компоненттердің арасындағы грамматикалық
қатынас. 
Соңғы позициядағы компоненттің баяндауыштың
предикативтік формасы білдіретін мағыналар.






Жай сөйлем типтес компоненттерден
құралып, күрделі пікірді хабарлайтын
көп предикативті синтаксистік тұрғаны
құрмалас сөйлем дейміз.


"Көргенмен, танымадым" тәрізді құрылымда баяндауыш
болып бір-ақ "мен" қатынасқанмен, оны құрмалас сөйлем
деп танимыз.
Оянсам, төрде жатыр екенмін.
Ұйықтап қалыппын, сондықтан кешіктім.
Үйге кірмедім, өйткені қорықтым. 


Құрмалас сөйлем қатарына жатпайды:
Мен ертең барамын, - деді де, Оспан шығып кетті.
Күн қандай жылы! - деп Сәуле аспанға қарады.


Бірыңғай мүшелі (бірыңғай бастауышты, бірыңғай
баяндауышты) сөйлемдер сөйлеушінің үнемділік үшін
құрмалас сөйлемді сиыстырып, жай сөйлем етуіне пайда
болған. Сондықтан бірыңғай мүшелі сөйлемдерді
коммуникативтік міндетіне сай жай сөйлем деп танимыз. 


Құрмалас сөйлемнің басты
тұлғалары:
құрамына сай
грамматикалық форма
алуына сай
1. екі компонентті құрмалас сөйлемдер
2. көп компонентті құрмалас сөйлемдер
Алтайда шыбын-шіркейдің өмірі қысқа! Шілдемен келіп, 
сүмбіле түсе, кетеді, шық түскенше, өрекпіп, бірге өледі!


Құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан
ұйымдасу ерекшелігіне қарай:
1. салалас құрмалас сөйлемдер 
2. сабақтас құрмалас сөйлемдер 


Конструкцияға қатысатын компоненттер баяндауыштары
түгелдей тиянақты формада қатысқан құрмалас
сөйлемдер салалас құрмаластар түріне жатады.
Әлі де бір ай жұмыс істейтін едім, бірақ әкем
қайт-қайттың астына алды.


Конструкцияның бірінші компоненті баяндауышы
тиянақсыз - көсемше, шартты рай, қимыл есім тұлғаларын
алып, сол арқылы екінші компонентпен байланысып
құрылса, ол сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне жатады.
Май айы аяқталса да, күн суытып тұр.


Құрмалас сөйлем компоненттерін
байланыстырушы амалдар 
Құрмалас сөйлемдердің барлық грамматикалық түріне
қатысатын амалдары - универсал амалдар деп атаймыз.
орын тәртібі;
интонация;
демеуліктер 





Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық
түрлеріне, коммуникативтік түрлеріне қатысты
орын тәртібінің ережесі бар.

Интонацияның басты компоненттері:
а) сөйлемнің айтылуындағы жиілік;
ә) сөйлемнің созылыңқылағы
б) сөйлемнің айтылуындағы пауза, екпін 



Демеуліктер салалас, сабақтас құрмалас
сөйлемдерге бірдей қатынасып, экспрессивтік
мағына қосу үшін жұмсалады.



Назарларыңызға
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет