Сөйлеу түрлері



бет1/2
Дата07.09.2023
өлшемі24,17 Kb.
#106603
  1   2
Байланысты:
Сөйлеу түрлері 2 лекция


Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.
Ауызша сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшсліктері төмендегідей:
Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді;
Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тогызыншы» деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;
Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
4. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады.
Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3. Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнсрлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалогжәне монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн сайын ашылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу рекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппсн 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетін отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет