Эссе
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті
Иә қазақ жері ерекше әрі тылсым, тарихи жәдігерлерге бай. Солардың бірі Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Ботай әлем бойынша – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды.
Оны 1981 — 83 жылдары ашты жетекшісі Виктор Федорович Зайберт. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған.