Сонымен ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі22,25 Kb.
#81999
  1   2

Ұстаз — ұлы есім. Осы сөз мен үшін өте құдіретті. Құзіреттілігі соншалық балғын бала кезімнен ұстаз болуды армандадым. «Ұстаз» есімі — парасатты да, балаларды жанындай жақсы көретін жандарға берілген ұғым.
Мен осы ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Шәкірттерім — менің өмірімнің бір бөлшегі. Менің таңдаған осы жолым — үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол.
Бүгінгі ақпараттар ағылған технологиялық мәдениет дәуірінде заманауи ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мол. Сондықтан да мен өз ісімді жоспарлауда ең алдымен «ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Осы сұрақ жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл мұғалімді қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Кәсіптік шеберлікті, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерсе ғана, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын және жаңартатын мол мүмкіндіктерге жол ашылатыны тәжірибеде дәлелденді.
Бүгінгі заманауи ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. Алайда заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қоймайды, ендігі жерде мұғалімдердің де әдістемелік әлемін өзгертпек. Мұғалімдер күніне орай осы мтақырып бойынша сөз қозғасақ.

Ол қалай? 


ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек. Бұл талап мұғалімдер қауымына да қатысты. 


Сонымен ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? 

1. Тәуекелшіл 


Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді. 

2. Психолог 


Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кем, бірін артық көрмегені абзал. 

3. Білікті педагог 


Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние. 

4. Көшбасшы 


Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы. 

5. Заманауи технологияны игреу 


Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады. 

6. Рухани бай болу керек 


Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес. 

7. Әмбебап мұғалім 


ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді. 

8. Интеллигент 


Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды. 

Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. 


Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады”, -деген болатын. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.Қазіргі заманауи ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанатын, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланатын, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгере алатын нағыз маман болу керек. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек. Өйткені іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде.


Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілдімеңгеруі –тіл шеберлігі.Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер.Себебі, тіл – тәрбие құралы.Төртінші қыры – байқағыштық сезімі –көрегендігі. Бесінші қыры- әр жүректі білім
шұғыласымен нұрландырудыңең тиімді, ең төте жолын таба білетін
жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.Сегізінші қыры –
үлгі­өнегесі, мұғалім мәдениеті немесепедагогикалық әдеп–этикасы деуге болар еді.Себебі, мұғалімнің келбеті –сыртқы мәдениеті, қарым­-қатынасы, өзін­-өзі басқаруы,бақылауы,сөйлеу мәдениеті,үздіксіз жаңарып, өзгеріп,
үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың
ең басты этикалық сапалық белгісі деп білемін. Осы жайтты ағылшын
ағартушысы Уильям Уордтың«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады.»-деген сөздер арқылы түсіндірер едім.
Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келді. Өзім де өзгердім, оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмін.
Мен– қазіргі заман педагогі ретінде өзім де заманауи әдіс­тәсілдерден
құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек. Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігінтүсінемін.
Сондықтан тәрбиеші ұстаз ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін.
Ойымды қорыта келе, әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне, нағыз заманауи ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…

Home » Эссе » Мен – жаңа ғасыр педагогімін (эссе)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет