СОӨЖ - 12: «Дескриптор» ұғымының мазмұнын ашып көрсету. Дескриптордың міндеттерін нақты мысалдармен көрсету.
«Білу» деңгейінде қойылған сұрақтар арқылы қарастырған мәселеге қатысты оқушының білім деңгейін анықталып, алған танымдық ақпаратты есте сақтауы қабілетін анықтау талап етіледі. Бұл сатыда «жабық», альтернативті, нақтылаушы сұрақтар қолданылып, ол үшін келесі етістіктерді қолдануға болады: еске түсіріңіз, анықтаңыз, мақұлдаңыз, қайталаңыз, атаңыз, әңгімелеңіз, ұсыныңыз, табыңыз және т.б. (мысалы: Басты кейіпкер қандай әрекетке барды?. Бұл оқиғадан кейін ... қандай жағдайға ұшырады? ... басты себептерін қандай болды?). Бұл сатыда қойылған сұрақтардың мақсаты - қарастырылған мәселеге қатысты оқушылардың теориялық білім сапасының деңгейін айқындау. Яғни, «Білу» сатысында оқушының ойы мен өзіндік дүниетанымының қаншалықты кеңдігі және теориялық алған білімінің аясын анықтауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар қою қажет.
«Түсіну» деңгейінде оқушыдан алған ақпараттың мағынасын түсініп, оны мәтіннен басқаша қолдана алуын, өзбетінше интерпретация жасай алуын анықтауды талап етеді (нысаналарды салыстыру, оқиғаны нақты түсіндіру, оқиғаның аяқталуын өзбетінше болжау). Сондықтан бұл сатыда оқушылардан қарастырған айғақтарға, ережелерге, қағидаттарға өзінің түсініктемесін беруді, талқыланған ережені математикалық өрнек арқылы көрсетуді, таныс болған оқиғалар немен аяқталатының алдын ала болжауды қарастыратын сұрақтар мен тапсырмалар берілуі мүмкін. «Түсіну» деңгейінде берілген сұрақтар мен тапсырмаларды бірлесіп орындау нәтижесінде оқушылардың алынған ақпаратты қаншалықты дұрыс қабылдай алғанын көруге болады.
«Қолдану» деңгейінде оқушыдан алған теориялық білімін нақты бір жағдайда, жаңа жағдаятта дұрыс қолдана алуын талап етеді. Оқушылар алынған деректерді қолдану, түрлендіру, құру, құрастыру, шешу, есеп беру, суреттеу, өндіру мақсатында жұмыстар істейді. Оларға берілген ақпарттарды қорытып, өз бетінше тұжырымдар мен қорытындалар жасайды. Алған теориялық білімдерін қорытып, сараптайды. «Қолдану» сатысында оқушылардың сыни ойлауға мүмкіндік тудыратын сұрақтар қоя білу сабақтың тиімділігн арттыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |